Ағымдағы жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамы жақсылық эстафетасын іске қосты.
Әділет подполковнигі, кадр саясаты басқармасының бас маманының басшылығымен ҚАЖ комитетінің қызметкерлері жалғыз басты зейнеткер-Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда Комароваға барып, үйінің аумағын қардан тазартты.
Өзі туралы айта отырып, әйел биыл 85 жасқа толатынын атап өтті. Марқұм жұбайы да Ұлы Отан соғысының ардагері кәрілікті онымен бөлісе алмады. Қазіргі уақытта зейнеткер жалғыз тұрады, оған көмектесе алатын жақын туыстары жоқ.
Надежда Комарова бұл іс-шараға таң қалғанын мойындады, ол ҚАЖ комитетінің басшылығына және барлық жеке құрамға көңілі мен көмектері үшін алғысын айтты, мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметтеріне сәттілік тіледі.
«Бұл іс-шара жалғызбасты қарттарға, ардагерлерге және көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Біз қазақстандықтарды игі істер жасауға итермелеуге жеке үлгі бола аламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті ҚАЖК-де.
Айта кетейік, осындай жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде ҚАЖ аумақтық департаменттерімен жүргізілуде.