
9 наурыз күні кешке белгісіз ер адам оны ешкім байқамайды деп үміттеніп, «тыйым салынған» пакетті Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/2 мекемесінің аумағына заңсыз өткізуге тырысты.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығы, үйлесімді жұмысы және уақтылы келіп түскен жедел ақпарат оларға тыйым салынған заттардың мекемеге кіруіне жол бермеуге көмектесті.
Ұсталғаннан кейін есірткіні өткізгені және сақтағаны үшін бұрын сотталған ер адам ҚР ҚК 120-бабына сәйкес (зорлау) қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды. Оқиға орнына жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінен жедел топ шықты. Куәгерлердің қатысуымен белгісіз заттары бар пакет ашылып онда үш ұялы телефон табылды.
Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа берілді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды кез келген тәсілмен беруге әрекет жасау ескерту жасауға немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.