
Павлодарда 200-ден астам сотталған және тергеудегілер флюорографиялық тексеруден өтті.
Павлодар қаласының АП-162/1 мекемесіне изолятордағы адамдарды тексеру үшін «жылжымалы» флюорокабинет ұсынылды. Дәрігерлер туберкулездің алдын алу мақсатында тергеу изоляторларына келді.
«Туберкулездің алдын алу бойынша жұмыс кезінде ауруларды бастапқы кезеңдерінде ерте анықтау маңызды рөл атқарады, сондықтан арнайы контингентті флюорографиялық тексерулермен қамту жүз пайызды құрайды. Тергеу изоляторындағы барлық адамдар туберкулезге тексеруден өтеді. Бұл айналадағылар үшін эпидемиологиялық қауіп төндіретін туберкулезбен ауырғандарды дер кезінде анықтауға, тергеудегілердің негізгі бөлігінен оқшаулауға және олармен емдеу-эпидемиологиялық іс – шаралар кешенін жүргізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті мекеме бастығы Әділхан Қапышев.
Барлығы 200-ден астам адам тексеруден өтті. Жылжымалы флюорокабинет мекемеге тегін медициналық көмек көрсету шеңберінде қаланың медициналық орталығымен ұсынылды. Айтпақшы, тергеушілер арасында тергеу изоляторына түскеннен кейін ғана соңғы уақытта алғаш рет флюорографиялық тексеруден өткен адамдар аз емес.