
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.⠀
Әйелдер Ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде қызмет етеді. Жоғары психологиялық жүктеме мен жұмыстағы қауіптің жоғарылауына қарамастан, әйелдер пенитенциарлық жүйенің дамуына баға жетпес үлес қосады. Олардың кәсібилігі мен табандылығы күмән тудырмайды.⠀
ҚАЖК төрағасы әділет полковнигі Жанат Ешмағамбетов қылмыстық атқарушы жүйе органдарында қызмет ететін барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.⠀
- Даналықтың, шыдамдылық пен көрегендіктің арқасында сіз дер істеріңізде сенімді тірек бола отырып, кәсіби міндеттерді табысты шешесіздер. Сіздер ерлермен қатар, нәзік әдемі бола отырып, дәстүрлі ерлер кәсібінің ауыртпалығын адал және жанқиярлықпен қызмет атқарсыздар.⠀
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ведомство басшысы грамоталармен және төсбелгілермен марапаттады.⠀
Бүгінде республиканың қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 4000-нан астам әйел жұмыс істейді.⠀