Павлодар облысы ҚАЖ қызметкерлері онкологиялық балалардың өмірін сақтап қалуға көмектесуде

Павлодар облысы ҚАЖ қызметкерлері онкологиялық балалардың өмірін сақтап қалуға көмектесуде

Павлодар облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері балалардың өмірін құтқару үшін макулатура шанағын жинады
«Бүгін біз онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеу бойынша көптеген өтініштерді қарастырып отырмыз. АП-162/1, АП-162/2, АП-162/3 және АП-162/4, АП-162/10 мекемелерінің, сондай-ақ Департамент пен пробация қызметтерінің ұжымдары немқұрайлы қалмай, тапсыру үшін макулатура жинады. Түскен қаражат қан обырымен күресетін Рахат Қаржаубаеваның емделуі үшін қаражат жинау шотына аударылды. Мұндай акциялар балаларға ауруды жеңуге көмектесіп қана қоймай, ұжымды да біріктіретінін атап өткім келеді. Әркім өз үлесін қосу үшін үйден қажет емес қағазды алып келді. Бұл макулатураның алғашқы рейсі, әрі қарай оны тұрақты түрд жасауды жоспарлап отырмыз»,-деп түсіндірді АП-162/2 мекемесінің бастығы Мұхтар Сейтахметов.
Рахат 12 жаста. 25 желтоқсанда мейірімділер клубының еріктілері оны емдеу үшін шұғыл қаражат жинауды ашты. Әлеуметтік желілерде олар көмекке бей-жай қарамайтын адамдардың қолдауларына ие болды.
«Менің қызымның өмірі қаражаттың түсуіне тікелей байланысты», – дейді қыздың анасы. Ол қазірдің өзінде сүйек кемігін трансплантациялады, қазір Ыстамбұлда химиотерапия курсынан өтуде.
АП-162/2 мекемесінің қызметкерлері бірлесіп қағаз бен картонның толық шанағын жинап, көлік пен тиеуді ұйымдастырды. Барлық қаражат емдеу үшін жинау картасына аударылған.