
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі арасындағы бас бостандығынан айыру орындарындағы және пробация қызметі бөлімінің есебіндегі сотталғандардың түзелуіне ықпал жасау және оларға психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлерін көрсету мақсатындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты:
-ИЧ-167/9 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасындағы жастар мен пробация қызметі бөліміндегі сотталғандардың түзелуіне ықпал жасау;
- оларға психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек түрлерін көрсету;
- бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар өткізу арқылы сотты болған жастарды түзеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады.