ИЧ-167/2 мекемесінде сотталған азаматтардың электронды арыз-шағым беруге арналған терминалдар іске қосылды

ИЧ-167/2 мекемесінде сотталған азаматтардың электронды арыз-шағым беруге арналған терминалдар іске қосылды

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі модернизациялаудың маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру, яғни электронды жүйені дамыту болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен келісілген түрде жыл соңына дейін барлық түзеу мекемелерімен тергеу изоляторында 120-ға жуық электронды терминалдарды енгізу жоспарлануда. Қылмыстық атқару жүйесін дамытудың басты мақсаты - қылмыстық жазаларды орындау кезінде әлемдік стандарттарына сай болуын қадағалау болып табылады.
Сотталғандардың өтініштер мен шағымдарды тікелей прокуратура органдарына, сотқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және өздерінің қауіпсіздік органдарына жіберу құқығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 226 бұйрығымен заңдастырылды. Осы бұйрықпен «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, 71-тармақ келесі редакцияда жазылды: «Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жолданатын шағынымдарды сотталғандар электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы бере алады»
Сотталғандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін, ИЧ-167/2 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі М.Ш.Ескуловтың нұсқауымен, 2020 жылы сотталғандардың электронды өтініштерін беру терминалын алу үшін мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Қазіргі уақытта терминалды пайдалануға беру, бағдарламалық жасақтаманы конфигурациялау жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай жаңашылдықтар сотталушылардың заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әр-түрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді. Терминал барлық сотталғандарға қол жетімді жерде орнатылған.
Сотталғандардан электронды өтініштер беру үшін терминалдарды қолдану адресаттарға өтініштерді қабылдаудың кешігуін болдырмайды. Сотталған адамның арыз-шағымы, жазбаша өтініштерді почта арқылы жеткізуге кеткен қосымша шығындарды қоспағанда, жедел жеткізіледі. Ашықтық қамтамасыз етіледі, мекеме әкімшілігі қызметкері тарапынан болуы мүмкін кедергілер алынып тасталады. Сонымен бірге барлық сотталғандармен шағымдарды электронды түрде жіберген кезде жалған ақпарат бергені үшін жазалау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.