
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетімен «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» және «Еңбек-Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобамен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынқайта ұйымдастыру арқылы оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен бекіту қарастырылады.
Жоба 2021 жылғы 28қаңтарда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6626728 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.