
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/20 төтенше қауіпсіздік мекемесінде «Чтец» деген лақап атпен танымал, сотталған Мұрат Айдарханов жазасын өтеп жатыр. Белгілі болғандай, ер адам поэзияны жақсы көреді, бостандықта ол «Чтец» және «Тағдыр» атты екі жинағын жарыққа шығарды. Кітаптар 2017 жылы, 200-300 данада басылып шығарылды.
2019 жылы есірткі заттарымен заңсыз айналысқаны үшін сот Мұратты 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Бүгінде сотталған адам жазасын өтей отырып, уақытын босқа жоғалтпауға тырысады. Ақын болашақта шығаруды жоспарлап отырған тағы екі кітаппен жұмыс істеуде. Мұраттың айтуынша, өлең мен проза жазуға оған 3 жасар қызы шабыт береді.
Ол өзінің алғашқы өлеңдері мен прозаларын 12 жасында жазған. Кейін жазуын тоқтатты. Сотталғанның айтуынша, ол сол кезде философияға қызығушылық танытып, Абайдың Қара сөздерінен бастап, Пушкиннің өлеңдерінен, ежелгі грек философы Аристотельдің ойларына дейінгі көптеген кітаптарды оқыған. Сондықтан алғашқы кітабы, яғни, «Чтец» деген лақап атқа ие болды.
«Мен өз өзіммен жиі қалғым келеді. Қазір көп жұмыс істейтін осы кітаптарға аса мән бергім келеді. Биыл Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл толады, ақынның мерейтойына орай жаңа кітапқа бірнеше өлең жазғым келеді. Мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 10-нан астам өлең мен проза жаздым, сондай - ақ пандемия кезінде қазақстандықтар бастан кешкен қиындықтар мен сынақтар туралы айтып өттім», - деп бөлісті Мұрат.
Ер адамның төрт баласы бар, үлкені 30 жаста. Сондай-ақ, Мұрат өзінің 11 жасар ұлы да әңгімелер жазатынын атап өтті. Сотталған ұлының жетістіктерімен мақтанышпен бөлісіп, оған үлкен үміт артатынын мойындады.
«Сотталушыны жиһаз цехына жұмысқа орналастырды. Сондай-ақ Мұратпен тәрбие жұмыстары жиі жүргізіледі. Жасақ бастығымен бірге кітапханаға барып тұрады», - дейді ОВ-156/20 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Болат Майзақов.