Атырауда сотталған әйелдер ағылшын тілін меңгеруде

Атырауда сотталған әйелдер ағылшын тілін меңгеруде

Атырауда УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер ағылшын тілін меңгеруде.⠀
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматшалар ағылшын тілін қарқынды меңгеруде. Сондай-ақ олар бизнес курсын да оқып жатыр.⠀
«Пандемияға байланысты дәрістер онлайн режимде және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіліп келеді. Шараның басты мақсаты – сотталған әйелдердің жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін қалыпты өмірге тезірек оралуына ықпал ету», – дейді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Ұлмекен Алиева.⠀
Мысалы, Балауса адам өміріне қасақана зиян келтіргені үшін сегіз жылға сотталған. Ол ағылшын тілі курсына қатысып қана қоймай, мекеме кітапханасынан ағылшын тіліндегі кітаптарды алып, тілін жаттықтыруда.⠀
«Жазамды өтеп жатсам да, ағылшын тілі курсына қызығушылықпен қатысамын. Тілді меңгеру арқылы бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа оңай тұра аламын. Бізге осындай мүмкіндік туғызып отырған мекеме әкімшілігіне алғысымыз шексіз», – дейді сотталған Балауса.⠀
Ақпан айында онға жуық сотталған азаматшаға ағылшын тілін меңгергені туралы сертификаттары табысталатын болады. Қазіргі уақытта мекемеде 150-ден астам әйел жазаларын өтеп жатыр.⠀