Хоккейші капитан

Хоккейші капитан

ҚАЖ қызметіндегі, қызмет атқарудың күрделі жағы мен жауапкершілігіне қарамастан, қызметкерлер сүйікті хоббиі үшін де уақыт табады. Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Әуезов аудандық пробациялық бақылау қызметінің аға инспекторы Марат Тұрсын аптасына екі рет хоккей ойнауды әдетке айналдырған. Жаттығу ойындары кешкі сағат 22:00-де басталып, түн ортасында аяқталады, соған қарамастан ер адам ойыннан ешқашан жалықпайды.⠀
«Кез-келген спорт денсаулыққа, соның ішінде хоккейге де пайдалы. Мен 2015 жылдан бастап ALHL әуесқой хоккей лигасында ойнаймын. Жаттығу ойындарын «Алматы Арена» және «Халық арена» сарайларының мұз айдындарында өткіземіз. Айта кетейік, Алматыда хоккей маусымы жыл бойы жалғасады. Бір кездері ALHL лигасында 30 команда болды, карантин жарияланғандықтан олардың саны 12-ге дейін азайды. Біз үшін хоккей ойыны жаттығу ретінде өтеді, соның арқасында біз таңертеңнен бастап сергек күйде қызметімізге кірісеміз», - деп бөлісті әділет капитаны Марат Нұрмұханбетұлы.⠀
Интернет пен түрлі озық техникалар болмаған кезде, жазда ауыл балалары допты «қуып», ал қыста мұз айдынын құйып, коньки тебіп, хоккей ойнайтын. Жанымдағы Марат Алматы облысының Жаркент қаласында туып-өскен ауыл баласының жалынын сақтай білді.⠀
Балалардың осы спорт түріне деген сүйіспеншілігін бүкілхалықтық танымал хоккей жұлдыздары Владислав Третьяк пен Александр Рагулин шабыттандырды.⠀
«Бала кезімде мен чех және орыс қақпашылары Доминик Гашек пен Евгений Набоков ойнаған командалардың ойындарын талдадым. Әсіресе, Өскемен хоккей клубының түлегі Евгений Набоковтың қақпаны қорғау тәсілдеріне тәнті болдым. Қақпашының ұстанымы өте жауапты және психологиялық тұрғыдан шиеленіскен, өйткені ұтылған жағдайда сіз бүкіл команданың алдында өзіңізді кінәлі сезінесіз», - деп қосты ол.⠀
Мектепті бітіргеннен кейін Марат Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түсті. «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, ішкі істер органдарының пробациялық бақылау қызметінде еңбек жолын бастады. Айта кету керек, ер адам таңдаған мамандығының қыр-сырын тез игере білді.⠀
Мараттың ұлы Аман да осы спорт түріне қызығады. 9 жасар хоккейші қазір алматылық "Свифт" командасының ойыншысы болып табылады.⠀
«Егер Мен аптасына екі рет жаттығу ойындарына қатыссам, Аманның жаттығулары күн сайын өтеді. Менің баламнан мен сияқты әуесқой емес, кәсіби хоккейші шығады деп сенемін», - дейді Марат.⠀
Сондай-ақ, әділет капитаны қазіргі заманғы қазақстандық хоккей туралыда айтып өтті.⠀
«Қазақстанда Хоккей жақсы дамып келеді. Тарихқа көз жүгіртсек, ол 1954 жылы Өскеменде, содан кейін Петропавлда, Алматыда және Қарағандыда алғашқы хоккей командалары құрылған кезде пайда болды. 1957 жылы Алматыда бірінші чемпионат өтті, ал 1992 жылы Қазақстан Халықаралық хоккей федерациясына қабылданды. Ал егер әр жылдардағы үздік хоккейшілерге қарайтын болсақ, олардың арасында қазақтар көп емес. Тек 2007 жылы ғана Қазақстаннан тұңғыш рет Талғат Жайлауов үздік хоккейші атанды. Бүгін «Барыс» командасының мәртебесі жоғары болып қалыптасуда, ойыншылар арасында Дамир Рысбаев ерекшеленеді. Өкініштісі, ол мұз алаңында төбелес үшін ойыннан шеттетілді. Хоккейші үшін ойыннан шеттетуден гөрі қатаң жаза жоқ, сондықтан біз матчтар кезінде ұрыспауға тырысамыз», - деп қорытындылады әділет капитаны.⠀
Полицейдің өмірінде спорт ерекше орын алады. Спорттық дағдыларды қолдану арқылы нысанаға дәл тигізу, қылмыскерді қудалау, өзін де, басқаларды да қауіпсіз ету.⠀