Бас бостандығынан айыру орындарынан жануарларға көмек

Бас бостандығынан айыру орындарынан жануарларға көмек

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінің сотталғаны үй жануарлары бар котокафеге жатақтар мен тырнау нүктелерін дайындады.⠀
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесінде 3 топтағы мүгедек кісі тігінші болып жұмысқа орналасқан, сотталған Ерқайрат Қоянбаев жазасын өтеп жатыр. Ер адам сотталғандардың киімін жөндеумен айналысады, ал жұмыстан бос уақытында мысық тұқымдастарына арналған жұмсақ матрастар мен тырнауыштар дайындайды. Сотталған мекеме әкімшілігіне, жануарларға көмектесу ниеті туралы идеясын қолдайтынын және барлық қажетті материалдарды ұсынғанын айтты.⠀
Жалпы, сотталған 6 тырнауыш пен 12 төсек дайындады, сонымен қатар мекеме қызметкерлері азық-түлік сатып алып, барлық гуманитарлық көмегін кафенің тұрақты шаған қонақтарына көрсетті.⠀
«Сотталған өзінің үлгісімен түзету нәтижесін көрсетеді. Тек жануарларға көмек ретінде ғана емес, сонымен бірге сотталған балалар үйінің меценаты болып табылады. Ай сайын ер адам өз жалақысынан Қарағанды облысының балаларына арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне 10 000 теңге аударады. Ер адам мүмкіндігі шектеулі болсада өзінің әрекетінің шынайы мейірімді іс екенін және өзі сияқты балаларға көмектескісі келетінін түсіндіреді», - деді АК-159/5 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Бекболат Бурлинов.⠀