
Аққулы ауданының пробация қызметіне мүлікті ұрлауға қатысқаны үшін сот 2 жарым жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарған сотталған зейнеткердің қызы жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның әкесі өткен жылдың жазындағы кездейсоқ қылмысқа қатысқан кездегі оқиғаның зардабын әлі де бастан кешуде. Сот үкімін естіген ер адам «ар мен ұят» сезімін сезіне бастап, нәтижесінде терең күйзліске түсті. Үмітсіз жағдайға тап болған қызы пробация қызметкерлеріне әкесінің жағдайы туралы хабарлап, көмек сұрауға шешім қабылдады.⠀
Сотталғанның қызын мұқият тыңдап, сол күні аудандық пробация қызметі мен Орталық аудандық ауруханасының психологы сотталғанмен бірлескен жұмыс жүргізді.⠀
Әңгіме барысында сотталған әлдеқайда жеңілдеп қалып, оның айтуынша, осы уақытқа дейін оған тыныштық бермеген қажетсіз уайымдардан алыстап, ол барлығына алғысын білдіріп, мықты денсаулық тіледі.⠀
«Мұндай көмектің маңыздылығын асыра бағалау қиын, себебі менің әкем 65 жаста. Мен пробация қызметкеріне осындай қолдауды ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтқым келеді, шынымды айтсам Мен мұндайды күтпеген едім», - деді сотталғанның қызы.⠀
«Сотталғандардың туыстарының жеке көмек сұрап жүгінгендері біз үшін орынды, өйткені есепте тұрған адамдардың үйінде болып жатқанның бәрі оларды қайта әлеуметтендірудің маңызды факторы болып табылады», - деп түсіндірді пробация қызметінің аға инспекторы Дастан Килибаев.⠀