Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті колониясының қызметкерлері сотталғанның анасын табуға көмектесті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті колониясының қызметкерлері сотталғанның анасын табуға көмектесті

Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 мекемесінде жазасын өтей отырып, Тимур есімді сотталған әкімшілік қызметкерлеріне анасын іздеуге көмек сұрап жүгінді. 30 жастағы ер адамның өзі балалар үйінің тәрбиеленушісі болып табылады, ол анасын соттағаннан кейін 13 жасында балалар үйіне түскен.
Бала кезінде Тимур өзінің әкесінен айрылды, бірақ көп ұзамай өгей әкесі бала тәрбиесімен айналысты.
Сотталғанның айтуынша, анасының жаңа күйеуі жаман адам болған жоқ. Алайда, күйзеліс сәттерінің бірінде ер адам қатты ішімдікке салынып, әйелін ұрды. Отбасылық жанжал кезінде анасы пышақты қолға алып, өгей әкесіне пышақты сұққаннан, ол қайтыс болды.
Тимурдың анасы тергеу изоляторына қамалған сәттен бастап, бала балалар үйінде өсті, олар сол сәттен бір-бірін көре алмады.
Сотталғаннның өзі 18 жастан кейін ересек өмірге қадам басқаннан кейін жұмыс таба алмағанын айтады, соның кесірінен ол ұрлықпен айналысып, көп ұзамай темір тордың ар жағында қамалды.
ГМ-172/6 мекемесінің қызметкерлері Тимурға анасын табуға көмектесті.
Белгілі болғандай, анасы Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/11 түзеу мекемесінде жазасын өтейді.
Анасымен мен ұлына ұзақ ажырасқаннан кейін бейне көрсетілім ұйымдастырылды. «Жақын туыстарымен жоғалған байланыстарды іздеу сәтті әлеуметтенудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мекеме қызметкерлері бірнеше рет балалар үйінің тәрбиеленушілерімен осындай жағдайларға тап болды. Осындай тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, ұйымдастырылған байланыс сотталғандарға оң әсер етеді», - деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов.