Маңғыстау қаласында пробация қызметіне есепке алынған адам мұқтаж отбасыға тұрғын үй сатып алуға көмектесті

Маңғыстау қаласында пробация қызметіне есепке алынған адам мұқтаж отбасыға тұрғын үй сатып алуға көмектесті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне есепке алынған адамның көмегімен аз қамтылған отбасы Жаңаөзеннен пәтер сатып алды.
Өткен жылдың соңында ғаламторда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылында ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасы туралы бейнеролик пайда болды. Отбасының асыраушысы туралы оқиға – әкесі мүгедек болған 14 жасар қыздың оқиғасы аймақ тұрғындарын бей-жай қалдырмады, олардың арасында пробация қызметінде есепте тұрған азамат та болды.
«Zaman» қоғамдық қорының қатысушысы бола отырып, аймақ тұрғындарымен және Маңғыстау «Зекет» Қазақстан мұсылмандары басқармасының облыстық Қорының өкілдерімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған азамат бейнеролик кейіпкеріне жаңа тұрғын үй сатып алуға қаражат жинауға белсенді көмек көрсетті.
Бұл есептегі азамат мұндай қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен, өткен жылдың наурыз айында ол ауыр науқас баланы емдеуге 2,5 миллион теңге жинауға қолдау көрсетті. Өткен жексенбіде мұқтаж отбасы Жаңаөзен қаласында жаңа пәтер сатып алғаны белгілі болды.