
Ривенер, Гулялы, Сафиюлло, Арчили, Фаик, Пирроз, Орынбасар, Имант, Сибирьян. Олардың бәрі де заңды бұзған, сол үшін тиесілі жаза мерзімін өтеуде.. Ерекше есімдерді бірден есте сақтау мүмкін болмады, бірақ уақыт өте келе оларда, мекеме қызметкерлері де үйреніп кетті.
«Біздің отбасымызда есімдерді әкеміз қойған. Мені 15 ғасырдың соңында (Грузия аумағы) басқарған Имерети патшалығы билеушісінің құрметіне атады. Туған жерде бұл өте кең таралған есім, бірақ мен мұнда жалғызбын. Мен Қазақстанға келгенде, жаман ортамен байланысып, түрмеге түстім», - дейді Арчили.
Колонияға келгендердің басым көпшілігінің құжаттары дұрыс емес, көпшілігі жоғалтып алған, азаматтықтары жоқ.
«2020 жылы колониялардың арнайы есепке алу бөлімдері сотталғандарды құжаттандыру және ЖСН беру бойынша жұмыс жүргізді. Жалпы бір жыл ішінде 73 жеке куәлік рәсімделді, азаматтығы анықталды және ЖСН берілді. Бес сотталған шетелдікпен бұл жұмыс олар тергеу изоляторларына түскен сәттен бастап босатылғанға дейін жүргізіледі. Ең алдымен, сәйкестендіру нөмірінің болуы сотталғанды тегін медициналық көмектің толық көлемін алатын емханаға тіркеуге мүмкіндік береді. Соның ішінде екпе, тұмауға қарсы вакцина және т.б.», – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов.
ҚАЖ мекемелерінде барлығы 1300-ден астам сотталған жазасын өтейді. Олардың арасында гректер, белорустар, даргиндер, қарачай, карель, қытай және басқа да халықтардың өкілдері бар.