Пробация қызметінің қызметкерлері СҚО-да жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетті

Пробация қызметінің қызметкерлері СҚО-да жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері волонтерлермен және аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірге Пресновка ауылында тұратын бес жалғыз басты зейнеткерге үйі мен ауласын қардан тазартуға көмек көрсетті.
Нәтижесінде ұйымдастырылған іс-шараға зейнеткерлер риза болды, олар пробация қызметіне, волонтерлер мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлеріне көмек үшін алғыстарын білдірді.
«Біздің келуіміз зейнеткерлер үшін күтпеген және қуанышты жағдай болды, біздің ауданда жалғыз басты қарттар аз емес. Пробация қызметі еріктілермен және СҚО Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ өкілдерімен бірлесіп осы бағытта Еріктілік қызметті жалғастыруды жоспарлап отыр. Кейде қартайғанда адам жалғыз қалады. Адамдарда жалғыздықтың себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бәріде бірдей түсінушілік, қамқорлық және адамның жылуын қалайды», - деп түсіндірді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.