
Шығыс Қазақстан облысының колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған Сергей, үш ай бойы шалғам, қияр және аскөктерді өсіруде.
«Шынымды айтсам жылыжайда мен өзімді қазір қыс емес, жаз мезгілі сияқты сезінемін. Шамамен 10 күн бойы бізде аяз болды, далада температура 45 градусқа дейін төмендейді. Жылыжайдағы ауа температурасы + 23 градусты көрсетеді, өте жылы», - деп бөлісті сотталған азамат.
Ер адам күн сайын жылыжайда жұмыс істейді, жұмысқа шағымданбайды. Керісінше, ол өз жұмыстарының нәтижелерін бақылаушыларға қуанышпен ұсынады. Бағбанның айтуынша, ол жақсы жалақы алады, онымен талап арыздарын өтеуде. Сотталғандар жаңа жылдық мерекелік кешкі асты дайындауда жаңа шалғам, қияр мен аскөктерді қолданған.
«Бостандықта бақшаға қамқорлық жасауды жақсы көрдім. Және мұнда менің сүйікті жұмысым табылды. Таңертеңгі жұмысым көкөністерді суарудан және арамшөптерді жұлудан басталады. Өсірілген аскөк, ақжелкен, пияз, сарымсақ, қияр және шалғам жергілікті ас үйде белсенді қолданылады, айтпақшы, біздің дәрумендер жыл бойы дастархан үстінде. Аскөктер тез өседі, әр апта сайын егін жинауға болады», - деді Сергей.
«Қазір колонияда 200-ге жуық сотталған адам жұмысқа орналастырылды, бұл жазасын өтеушілердің 90% - ы. Жұмыс сотталғандардың тәрбиелік шараларының бірі болып табылады», - деп түсіндірді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.