Павлодар облысындағы сотталған үй салу үшін жер телімін алды

Павлодар облысындағы сотталған үй салу үшін жер телімін алды

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталған адам өзінің бұрыннан келе жатқан арманын іске асыруға және өзінің жеке жобасы бойынша үй салуға шешім қабылдады. Алайда, оны жүзеге асыру үшін ер адамға жер телімі қажет болды, оны сатып алу көп ақша талап етті. Есепте тұрған Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің инспекторына көмек сұрап жүгінді. Пробация қызметкерлері өзара іс-қимыл аясында жергілікті әкімдікке жүгініп, сотталушыға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесті.
Есепте тұрған адамның жеке ісін қарау аяқталғаннан кейін Железин аудандық комиссиясы азамат К. - ның өтініші бойынша оң шешім шығарып және нәтижесінде тұрғын үй салу үшін оған Железинка ауылында, ауданы 15 сотық жер учаскесі берілді.
«Сотталған «У Сэма» жеке кәсіпкерлігінде автокөлік жөндеу бойынша слесарь болып жұмысқа орналасты, үйленген, кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеп отыр. Бүгінгі таңда жұмыс беруші адал қызметкер ретінде сипатталады. Ер адамның жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны анықталған жоқ, көршілер мен ауыл тұрғындарынан азаматқа шағым түскен жоқ»,- деп түсіндірді пробация қызметінің инспекторы Айбек Айтчанов.
Сотталған бес бөлме және бір санитарлық тораппен үйдің макетін жасап, жұмысқа орналасу кезеңінде жиналған қаражатқа құрылыс материалдарын сатып алады. Ер азаматтың айтуынша, шағын жұмысты өзі жасап, барлық құрылыс кәсіпкерлердің көмегімен жүргізілетін болады. Пробация қызметкерлері қоныс тойына келіп, балаларға сыйлықтар сыйлауға уәде берді.