
2021 жылғы 12 қаңтарда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде тығыз өзара іс-қимыл және жемісті ынтымақтастық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 29 жыл толуына орай ҚАЖК жеке құрамын «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» естелік белгісімен, «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан - мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды және негізгі құрылымдардың бірі. ҚАЖ қызметкерлерімен бірге әскерлердің әскери қызметшілері қоғам мен бас бостандығынан айыру орындарындағы арнайы контингенттің қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы әрекеттерден қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.