Пробация қызметінің қызметкерлері бүлдіршіндерді қыстық киіммен қамтамасыз етті

Пробация қызметінің қызметкерлері бүлдіршіндерді қыстық киіммен қамтамасыз етті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Меркі аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігімен бірге есепте тұрған көпбалалы отбасылардың балаларына қыстық қалың киімдер сыйлады. Бұл атаулы күні, бүлдіршіндер жылы әрі сапалы жаңа қысқы күртешегеге ие болып қатты қуанып қалды.
Аталған қайырмдылық шара барысында Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Арайлым Сәмбетова өмірлік қиын жағдайдағы адамның шетте қалмайтынын және қоғамның қамқорлығында болатынын жеткізді.


Біз балақайлардың киімдерінің өлшемдерін алдын ала анықтап, соған сәйкес он отбасының бүлдіршіндеріне қыстық киім табыс етуді жөн көрдік. Бала қуанса, әлем қуанады емес пе? Баланың пәк қуанышынан асқан бақыт жоқ. «Бұл іс-шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеу. Пробация қызметкерлері көпбалалы және толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды өз қамқорлығына алып, тұрақты қолдау көрсетіп отырады. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді «Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы», әділет майоры Арайлым Сәмбетова.