Колония қызметкері: «Жаңа жылды сотталғандармен қарсы алады»

Колония қызметкері: «Жаңа жылды сотталғандармен қарсы алады»

Жауғашты әйелдер колониясында тұтқындардың Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы айтылды.
Дәстүр бойынша, 31 желтоқсанда Қылмыстық-атқару жүйесінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшеді. Бұл күні колонияларда өзінің мерекелік атмосферасы бар. Сотталғандар жаңа жылдық костюмдер киіп, ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігінен жылы құттықтаулар алады.
«Жаңа жылды жұмыста қарсы аламын, әрине, мен оны үйде отбасыммен қарсы алғым келеді. Алайда, құқық қорғау органының қызметкері бола отырып, өз лауазымдық міндеттерімді орындап және сотталғандардың өмірі үшін толықтай жауап беремін. Осы күні мерекелік жағдай жасап, бір – бірімізді құттықтауға тырысамыз», - деп бөлісті мекеме бастығының кезекші көмекшісі Талғат Балмұратов.
Биыл, жаңа жыл қарсаңында сотталған әйелдер мен олардың балалары (балалар үйінен) ҚАЖК-дан ерекше сыйлықтар алды.
Дәстүр бойынша қоғамдық қорлар сотталған әйелдерге де, балалар үйінің балаларына да жаңа жылдық сыйлықтар түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді.
Сыйлықтар балалар үйіне 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап келе бастады. «Ерікті Мейірімділік Қоғамы» қоғамдық қоры жылы киімдер, аяқ киімдер, памперстер, жуғыш заттар және жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
29 желтоқсанда «Жартас-Қазақстан» қоғамдық қоры мекеменің барлық сотталған Әйелдерін керек-жарақтары бар сыйлық қаптарын сыйға тартты
Келесі сыйлықты ҚАЖ Комитеті мен «Еңбек» РМК-мен бірлесіп балаларға және олардың аналарына гуманитарлық көмек түрінде ұйымдастырды, жиынтыққа балалардың жылы күртешелері, комбинезондары, жұмсақ ойыншықтары мен тәттілері кірді. Ал сотталған аналарға «Еңбек»логотипі бар спорттық киімдер сыйға тартылды.
Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының өкілдігі және Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, кілемдер, кітаптар, памперстер, тәттілер және т. б. Сыйлықтарды табыстады.
Кәмелетке толмаған қыздарға арналған косметикалық жиынтықтар мен тәттілер таратылды.
Карантинге байланысты жаппай іс-шаралар жүргізілмейді. Алайда, дәстүр бойынша жыл бойы өткізілген тәрбиелік сипаттағы іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Отрядтар мен мекемелердің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін жүлделі орындар анықталды. Бірінші орынды 5-ші жасақ алып , микротолқынды пешпен марапатталды. Екінші орынды 2-ші жасақ иеленді, олар сыйлыққа термопот пет үтіктер алды. Үшінші, қорытынды орынды иеленген 7-ші жасаққа үтіктер мен шәйнектер берілді.
Сыйлықтар тексеруге берілді. Сондай-ақ, сотталғандар грамоталармен, алғыс хаттармен және көтермелеулермен марапатталды.
«Бұл күні жаңа жылдық мәзір күнделікті рационнан, қазандағы мерекелік палаудан, винегрет салатынан, алма мен компотымен ерекшеленеді. Ал балалар үйінің балаларына-бәліш пен торт» беріледі, - деді колония бастығының кезекші көмекшісі.