
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері көп балалы отбасылардың балаларына Аяз атадан сұраған сыйлықтарын алып келді.⠀
«Біз мейірімділік клубының өкілдерімен бірлесіп, үш көп балалы отбасының мәліметтерін алдық. Әр бала Аяз Атаға хат жазғандықтан, біз олардың әрқайсысын орындауға мақсат қойдық. Негізгі сыйлықтардан басқа Аналарына тәтті - дәмділер мен сыйлықтар табысталды», - деді ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Дәулет Ысқақов.⠀
Хаттарда сырғанауға арналған ойыншықтар, сымсыз құлаққаптар, скейтборд, торт, ойыншықтар, жылы шұлықтар және тағы басқалар сияқты тілектер болды.⠀
«Мен балаларым үшін осы мерекені ұйымдастырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, себебі алты балам бар. Олар Аяз Атаға хат жаза бастағанда мұның бәрін сатып алуға қаражатым жоқ болғандықтан мен қатты ренжіп едім. Бірақ мен олардың ғажайыптарға сенгенін өте қатты қаладым, себебі жаңа жыл - бұл сиқырлы мереке. Бүгінде мен балаларымның бақытты күлкісін көремін. Тіпті менің алты айлық қызымада сыйлық әкелінді, Мен күтпегенде едім. Дегенмен мен сіздерге өте ризамын!»,- деді алты баланың анасы Жанар.