
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД үш мекемесінде кәсіби колледждерінде, сотталғандар жұмысшы мамандықтарын алады. Ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарына «Тамақтандыруды ұйымдастыру» (аспаз) мамандығы жатады.
ЕЦ-166/4 мекемесінде аспазшыларды тамақ өнеркәсібінің технологы, өндірістік оқыту шебері Светлана Маметбакова дайындайды.
«Аспаз - бұл шығармашылық мамандық, дегенмен дәлдік пен нақты көңіл бөлуді талап етеді. Пісіру кезінде – технологиядан бастап тағамды безендіруге дейінгі процестің бәрін сақтау керек», - дейді Маметбакова.
Сабаққа сотталған студенттер қуанышпен барады. Мұнда тек аспаздық өнерді ұнататындар білім алады. Оқу жоспары бойынша сабақтардан басқа, өндірістік оқыту шебері үнемі шеберлік сабақтарын өткізеді. Тәжірибелі аспаздың басшылығымен сотталғандар түрлі тағамдарды дайындауды үйренуде.
«Жақында біз «Патшалық балықты» дайындадық. Светлана Маметбакова үнемі шеберлік сабақтарын өткізеді. Қазірдің өзінде дәмді манты, классикалық голубцы және дәмді стейктер дайындай аламыз. Пісіру барысында бәрін ұмытып, оған бүкіл жан-дүниемізбен кірісіп, барынша талаптанамыз. Босатылғаннан кейін өз отбасымды дәмді тағамдармен қалай қуантатынымды әрдайым елестетемін», – деп бөлісті сотталған К.
Әрбір технологиялық операциядан кейін барлық құралдар өңделеді: механикалық тазартылудан өтіп, ыстық сумен және барлық жуу құралдарымен тазаланады.
«Екі жыл бұрын кәсіптік колледжде «Аспаз» мамандығы ашылды. Өткен жылғы түлектер, бүгінде мекеменің асханасында жұмыс істейді», - деп атап өтті ЕЦ-166/4 мекемесі бастығының орынбасары Николай Анисимов.