Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы «Мейірімділік күнін» ұйымдастырды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы «Мейірімділік күнін» ұйымдастырды

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы өткен жылы «Жақсылық күнін» жариялады. Аумақтық департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Александр Кочкин, пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы, әділет подполковнигі Руслан Жүсіповтың басшылығымен 20-дан астам қызметкер қан тапсырды, олар оңтайлы қорды құру және компоненттің үздіксіз берілуі үшін өтеусіз донор болды.
Күн сайын әртүрлі апаттардан зардап шеккендерге, күрделі операцияларды жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулары бар балаларға қанның қажеттілігі жоғары. Өз кезегінде «Облыстық қан орталығының» мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көруге қуанышты. Себебі, тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтіп, тұрақты деңгейде дене шынықтырумен айналысады.
«2020 жыл ішінде СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 50-ден астам отбасына көмек көрсетіп, антисептиктер мен маскалар таратып, 70 литрден астам қан тапсырды, . Алдағы 2021 жылы біз мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырамыз», - деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.
«Жақсылық күні» - Долгушиндер отбасына барумен жалғасын тапты. ҚАЖД қызметкерлері жалғыз өзі 6 баланың тәрбиелеп жатқан Татьяна Долгушинаға келіп, Жаңа жыл қарсаңында отбасына киім-кешек салынған 11 пакетті, азық-түлік, сондай-ақ мереке алдындағы көңіл-күйді көтеру үшін балаларға тәттілер сыйлады.
Тәртіп сақшылары Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған волонтер - сотталғандармен бірлесіп, Плетухиндер отбасы үйінің ауласындағы қарды тазартты. Зейнеткер Анатолий Плетухин жақын арада әйелін 87 жасқа толуымен құттықтауды жоспарлап отырғанын, Отағасы қысқы кезеңде үйдің ауласын қардан тазалаудың оңай емесін мойындап атап өтті.