Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мейірімділер клубымен бірлесіп қайырымдылық аукционын ұйымдастырды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті Мейірімділер клубымен бірлесіп қайырымдылық аукционын ұйымдастырды

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен Мейірімділер клубы балаларды емдеу үшін қайырымдылық аукционын ұйымдастырды.
Облыстың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың қол-өнер жұмыстары - лоттар тізімінде. Металл өрнектері бар урналар, қобдишалар, таяқшалар, картиналар және металдан, шыныдан және ағаштан жасалған басқа да көптеген тауарлар. Барлығы бастапқы құны бойынша 70 мың теңгеден астам сомаға 21 тауар қойылды.
«Бұл жұмыстарды ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар Павлодар облысындағы жыл сайынғы ұйымдастырылатын«Үміт» қолданбалы өнер конкурсына арнайы дайындады. Ағымдағы жылды ел Президенті еріктілер жылы деп жариялады, сотталғандар да қатысуға шешім қабылдады. Барлық жұмыстар аукционда сату үшін Мейірімділер клубына берілді. Түскен қаражат балаларды емдеуге жұмсалады», - деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Дәулет Ысқақов.
Клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында павлодарлықтар қызықтырған барлық жұмыстар көрсетілген.
«Біз ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлеріне және сотталғандарға осы жұмыстарды шыдамдылықпен жасағандарына ризамыз. Олардың әрқайсысының жан-дүниесімен жасалғанын көруге болады. Жасалған жұмыстардың барлық көркемдігін суреттерде жеткізе алмайды, сондықтан біз барлық лоттарды іске асырып, емделуге мұқтаж ауыр сырқаты бар балаларға көмектесе алатынымзға үміттенеміз», - деп бөлісті еріктілер клубының өкілі Татьяна.
Бұл ҚАЖ қызметкерлері мен сотталғандар қатысатын алғашқы бірлескен іс-шара емес. Ағымдағы жылдың наурыз айында ортақ күш-жігермен қайта пайдалануға болатын маскалар таратылып, сондай-ақ науқас балалардың өмірін сақтап қалу мақсатында қақпақтар жиналды. Павлодардың Мейірімді жандары Қазақстанның ең үздік қайырымдылық ұйымы деп танылды.