Шығыс Қазақстан облысында 29 жастағы сотталған өз қолымен елорданың көрікті жерлерінің макетін жасады

Шығыс Қазақстан облысында 29 жастағы сотталған өз қолымен елорданың көрікті жерлерінің макетін жасады

Ақорда мен Бәйтеректің музыкалық макетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 қауіпсіздігі барынша жоғары колониясының сотталғаны жасады.
Ақмола облысының тумасы Ерсұлтан Құсайынов ұрлық және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Мекеме қабырғасында жазасын өтеп жүріп, жас жігіт қолөнермен айналысты.
Ерсұлтан өз композициясын басқа сотталғандарға елордамыздың әдемі ғимараттары мен Президент резиденциясы - Ақорданы көрсету үшін Тәуелсіздік күніне арнады. Жас жігіттің айтуынша, камерадағылар арасында Нұр-Сұлтанға ешқашан бармағандар бар.
«Маған бұл макетті жасау қиын болмады, өйткені мен өзім сол жерде дүниеге келдім. Мен бұл композицияны қаламыздың барлық сұлулығын көрсету үшін үлкен қуанышпен жасадым. Макет бір апта ішінде пластикалық табақтар мен түрлі-түсті шамдардан жасалған. Жарық жанған кезде Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналады», – деп бөлісті сотталған адам.
Ерсұлтан өз бұйымын ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің мұражайына тапсырды.