37 жыл құжатсыз болған: пробация қызметкерлері сотталғанға жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті

37 жыл құжатсыз болған: пробация қызметкерлері сотталғанға жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесті

Сотталған Сергей 37 жаста. Ол Павлодар облысының Тереңкөл ауылында туып өскен, анасы кенеттен қайтыс болған, ал әкесі сол кезде әжесінде тәрбиеленіп жатқан ұлының тағдырына қызығушылық танытпаған. Кейінірек белгілі болғандай, туу туралы куәлік бұрын жоғалған, сондықтан ер адам аз жалақыға көнуге мәжбүр болды.
2020 жылы Сергей қылмыс жасады, ол үшін сот екі жылдан астам мерзімге бас бостандығын шектеді. Сергей өмір бойы туу туралы актілік жазбамен өмір сүрді, жеке куәлікті рәсімдеу қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, оның басқа құжаттары болмады. Пробация қызметіне есепке қою кезінде есепте тұрған адам құжаттардың болмауына байланысты жұмысқа орналаса алмайтынын айтты.
«Пробация қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің өкілдерімен бірлесіп, туу туралы куәлікті қалпына келтіру, ҚР азаматтығын белгілеу, сондай-ақ жеке куәлікті ресімдеу түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті. Сонымен қатар, аталған сотталған Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу үшін жіберілді», - деп түсіндірді Тереңкөл ауданының пробация қызметінің басшысы Серік Әлікпаров.
Сотталған пробация қызметінің инспекторларына көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін алғыс айтты.