Екі сотталған Қостанай облысындағы өртті сөндіруге көмектесті

Екі сотталған Қостанай облысындағы өртті сөндіруге көмектесті

Оқиға түнде болған. Көршінің жанып жатқан үйін көріп, Қостанай облысы пробация қызметінің есебінде тұрған екі адам бірден әрекетке көшеді. Ер адамдар өрт сөндіру көмегін шақырып, өз қолдарымен өртті сөндіре бастады. Осының арқасында қорқынышты салдардың алдын алды.
Кейінірек белгілі болғандай, өрт қысқа тұйықталу нәтижесінде пайда болды. Жас отбасы үй иесімен бірге есепте тұрған адамдарға шын жүректен ризашылығын білдірді. Сотталған «Р» бұндай жағдайда әркімнің көмектесетінін, бастысы – абдырамай, абай болу керектігін айтады.
Бұл жағдай пробация қызметінің есепте тұрған адамдармен жұмысының көрнекі мысалы ғана, онда басты міндет әлеуметтік жауапкершілікті қалпына келтіру, лайықты азамат болуға деген ұмтылысты тәрбиелеу болып табылады.