
«Амин» мешітінің қызметшілері Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандарға барып, жасөспірімдермен адамгершілік туралы әңгіме өткізді.
Әлемнің барлық діндері адамдарды адамгершілікке, парасаттылыққа және мейірімділікке шақырады. Бұл қасиеттерге немқұрайлы қарау дінге де, қылмыстық заңнамасына да қайшы келеді. Пробация қызметінің қызметкерлері сотталған адамды қоғамда қайта әлеуметтендіру, одан әлеуметтік дені сау адамды дамыту және тәрбиелеу сотталған адамның өзінің ұмтылысы мен тілегіне тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтеді.
«Кәмелетке толмағандарға арналған колонияда балалардың ата-аналары мен туыстарының келуі тоқтатылғанын білгенде, біз шағын іс-шара өткізуді шештік. Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Біздің мақсатымыз-қоғамнан оқшауланған және жазасын өтеп жатқан балаларға көмектесу, болашақта бостандыққа оралғаннан кейін олар алған білімдерін жақын адамдарымен бірге жақсы өмір құруға бағыттауы керек екенін айту. Қандай да бір сәтте біз бостандық туралы армандайтын, жарқын болашаққа үлкен үміт артатын балалардың көздері жарқырап тұрғанын көрдік», - деп бөлісті «Амин» мешітінің бас имамы Ержан Төлепов.
Кездесуден кейін дін өкілдері мерекелік дастархан жайып, имам мен кәмелетке толмаған сотталғандар арасында отырыс барысында адамгершілік пен жақсылық жасау туралы пайдалы әңгіме өткізілді.