Атырау тергеу изоляторына ыстық тағамда 4 ұялы телефонды жасырған күйде беруге тырысқан азамат ұсталды

Атырау тергеу изоляторына ыстық тағамда 4 ұялы телефонды жасырған күйде беруге тырысқан азамат ұсталды

8 желтоқсан күні Атырау тергеу изоляторында сәлемдемені рентген аппаратымен тексеру кезінде ыстық тағамға жасырылған 4 ұялы телефон табылды. Заңсыз сәлемдеме есірткі заттары мен қаруды сақтау туралы іс бойынша тергеудегі адамға арналғаны анықталды.
«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде бұзушылық дер кезінде анықталып, заңсыз сәлемдеме көделген адресатқа жетпеді. 24 жастағы "курьер" қазіргі уақытта ұсталды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады тергеу изоляторының күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.
Бүгінгі күні сәлемдемелермен сауқаттар «Адани» рентген аппаратымен мұқият тексеріледі, бұл тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексеру сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Өткен аптада тергеу изоляторына ішінде жасыл түсті белгісіз зат пен дәрі-дәрмектер табылған йогуртты өткізу әрекеті тоқтатылды, қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде», - деп толықтырды Асылбек Рахманов.