COVID-19: ҚАЖ мекемелеріндегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары туралы

COVID-19: ҚАЖ мекемелеріндегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары туралы

Коронавирустық инфекциядан туындаған аурулардың әкеліну және таралу жағдайларын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), оның ішінде шектеу іс-шаралары кешені ұйымдастырылуда және іске асырылуда.
Бұл ретте, барлық қабылданған шаралар «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы», «Төтенше жағдай туралы Заңы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі», ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары, сондай-ақ ІІМ бұйрықтарымен бірқатар шектеу және алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды (қысқа мерзімді және ұзақ кездесулерді ұсынуды шектеу, сотталғандар мен тергеуге-қамауындағы адамдар үшін мәдени-бұқаралық іс-шараларды, маска режимін қатаң сақтау, үй-жайларды үнемі термометрия және дезинфекциялау және т.б.).
Коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған жағдайда ҚАЖ мекемелерінің медициналық бөлімдерінде инфекциялық изоляторға арналған 100-ден астам палата мен камера, 1000 төсек-орын қарастырылған.
Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар үшін 4 300 төсек-орынға арналған 170-тен астам уақытша провизорлық стационар ұйымдастырылды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (2020 жылғы 25 маусымдағы №43, 2020 жылғы 06 маусымдағы №39, 2020 жылғы 30 мамырдағы №38, 2020 жылғы 22 мамырдағы №37, 2020 жылғы 9 сәуірдегі №32) қаулысымен бекітілген пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритміне қатаң сәйкестікте ҚАЖ мекемелерінде күніне кемінде екі рет құрамында хлор бар дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып үй-жайларды жинау жүргізіледі, санитариялық-эпидемиологиялық антисептикалық заттар қолданылады. Барлық персонал мен сотталғандар маска режимін сақтайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда ПТР тестілеуден өтеді.
Респираторлық инфекциялардың алдын алу мақсатында барлық адамдар қорғаныс маскаларымен және қолды өңдеуге арналған гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, арнайы контингенттің иммунитетін арттыру үшін әр мекемеде тағамдарды С-витаминдеу жүргізіледі.
Елде COVID-19 туындағандықтан төтенше жағдай жариялануымен ағымдағы жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Пенитенциарлық мекемелерде сотталған адамдардың туыстары мен қорғаушылары үшін ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер тоқтатылды, бұл ретте әлеуметтік-пайдалы байланыстарды қолдау үшін тәжірибеге туыстарымен бейне сөйлесулер (бейне байланыс (15 минутқа дейін) және бейне кездксулер (2 сағатқа дейін) түрінде баламалар енгізілді.
Сәлемдемелерді, сауқаттарды және бандерольдерді қабылдау ұстау жағдайларына және мекеменің түріне байланысты ҚР ҚАК талаптарына сәйкес әдеттегі режимде жүзеге асырылады.
Бұл ретте карантин кезеңінде сотталғандардың құқықтарының сақталуына мониторингті қамтамасыз ету үшін ҚБК және ҰАТ өкілдеріне бару шектелмеген.
Наурыздан қыркүйекке дейінгі кезеңде ҚАЖ – да ұсталатын 30 мың адамның 157 – сі коронавирустық инфекциямен тіркелген, оның ішінде 1-уі өліммен аяқталған. Бүгінгі күні ҚАЖ мекемелерінде 2 жағдай тіркелді.
Осылайша, елдегі және әлемдегі жалпы жағдайды ескере отырып, жаппай инфекцияға жол берілмейді.
Аумақтық жедел штабтармен бірлесіп дәрілік заттарды, ПТР-тестілерді бөлу мәселелері шешілді, қажет болған жағдайда сотталғандарды ауруханаға жатқызу Денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің халық арасында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуіне қатысты болжамын ескере отырып, ҚАЖ мекемелері қосымша сатып алу жүргізді және сотталғандарды және тергеу-қамауындағы КВИ-мен ауыратын науқастарды, сондай-ақ ЖҚҚ емдеу үшін дәрілік заттардың (ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, антибиотиктер, витаминдер) 3 айлық қоры қалыптастырылды. Сондай-ақ, оттегі концентраторлары сатып алынды.
Карантиндік және шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты қыркүйектен қарашаға дейін кездесулер қайта басталды. Сотталғандардың туыстары мен жақындарына барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, ұзақ мерзімді кездесулер берілді.
КВИ бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдайға, халық арасында сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты КВИ, ҚАЖ мекемелерінде инфекцияның әкелінуі мен КВИ таралуының алдын алу мақсатында ІІМ ҚАЖ комитетінің нұсқауымен 2020 жылғы 10 қарашадан бастап барлық ҚАЖ мекемелерінде ұзақмерзімді кездесулер беру тоқтатылған. Ал коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі бойынша «қызыл аймақ» жарияланған өңірлерде (Нұр-Сұлтан, Павлодар) қысқа мерзімді кездесулер де уақытша тоқтатылды.
Қалған өңірлерде қысқа мерзімді кездесулер ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.10.2020 жылғы №57 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысының 20-тармағына сәйкес ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға уәкілетті екенін айта кету керек.
Қазіргі уақытта ҚАЖ жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нысанында. Барлық персонал мен сотталғандар маска режимін сақтайды, сондай-ақ ПТР тестілеуден тұрақты түрде өтіп отырады.