
Алматы облысы Талдықорған қаласының пробация қызметінде есепте тұрған сотталған 1 млн. теңге көлемінде конкурстық негізде грант жеңіп алып, өз бизнесін ашты.
Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жобаны іске асыру үшін 1 млн.теңге мөлшерінде грант ұта отырып, Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне басшылық ету жөніндегі бөлімі Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Екінші үміт» жобасын іске асырды. «Азат» үкіметтік емес ұйымы ұымдастырушы болып табылады.
Бұл жобаға есепте тұрған 7 адам қатысты. Қатысушылар «Әлеуметтік кәсіпкерлік» бағдарламасы аясында «Өз әлеуметтік бизнесіңді баста» тақырыбында оқыту семинарынан өтті. Оқыту қызметтің өзекті салаларын талқылаумен және талдаумен қатар жүрді, соның арқасында сотталғандар бизнес-жоспарды құруға объективті қарай алды.
Оқу аяқталғаннан кейін комиссия мүшелеріне дайын жобалар ұсынылып, көпшілік дауыстың шешімі бойынша пластик терезелер мен есіктерді дайындау жабдықтарын сатып алу мақсатында сотталған «А» 1 млн. теңге көлеміндегі грант иегері атанды.
«Талдықорған қаласындағы пробация қызметінің және жалпы Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне осындай қиын уақытта өз бизнесін ашуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Маған металл пластик терезелер мен есіктер шығаратын станоктар сатып алуға қолдау көрсеткендері, сенім артып және конкурсқа қатысуға жолдама бергендеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әрине, жеңу оңай болған жоқ, дегенмен Мен өз ісімді ашқаныма қуаныштымын», - деп кәсіпкер қуанышты хабарымен бөлісті.
Алматы облысында Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға мемлекет тарапынан өтеусіз гранттар беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы грант иегері болып қазіргі уақытта шиномонтаж бойынша өз бизнесін табысты дамытушы сотталған Б. болған.