Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады

Ақтөбеде ҚАЖД басшылығы түзеу мекемесінде қызмет мерзімін аяқтаған сарбаздарды марапаттады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы түзеу мекемесінің қарауылдық күзетін абыроймен орындаған және әскери қызмет мерзімін аяқтаған Ұлттық Ұлан 6655 1-ші атқыштар ротасының сарбаздарын алғыс хаттармен марапаттады.⠀
Әскери борышын орындау үшін КА-168/2 орташа қауіпсіз мекемесіне 55 сарбаз түсті.⠀
ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Дулат Жұмагелдин тәртіп сақшыларын қызметін аяқтауымен құттықтап, Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шәмішевтің атынан алғыс білдірді:⠀
«Түзеу мекемелеріндегі тыныштықты қорғайтын жауынгерлердің еңбегі баға жетпес. Бұл өте қиын жұмыс, ол ерекше шыдамдылықты, қырағылықты, батылдықты қажет етеді және сіз оны керемет атқардыңыз! Отан алдындағы борышыңызды адал орындайтыңызға сенімдімін!»⠀
Одан кейін бастықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қанат Мақатов мекеме бастығының атынан сарбаздарды құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.⠀
«Түзеу мекемесіне қарауылға түскен кезде командирлеріміз бізді психологиялық тұрғыдан дайындайды. Жеке өзім әскерге түзеу мекемесіне қарауылдық қызметке түскеніме өкінбеймін. Бұл жерде мен жауапкершілікті, батылдықты, адалдық пен өмірдің құндылығын үйрендім»,- деп бөлісті 1-ші атқыштар ротасының сарбазы Мұстафа Исмаил.⠀