БҚО - да «Үздік волонтер-2020» марапаттау рәсімі өтті

БҚО - да «Үздік волонтер-2020» марапаттау рәсімі өтті

БҚО Казталов ауданында С.Садықов атындағы мәдени-сауық орталығында байқау қорытындысы бойынша «Үздік волонтер – 2020» жастар сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.⠀
Салтанатты шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырды. Биыл еріктілердің қатысуымен бірқатар жобалар мен жұмыстар жүзеге асырылды.⠀
Қайырымдылықпен белсенді айналысқан еріктілерге марапаттар берілді. Солардың бірі - БҚО Казталов ауданы әкімінің «Үздік волонтер-2020» Жастар сыйлығы. Жастар сыйлығы «Birgemiz:Sabaqtastyq», «Birgemiz: Saulyq», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Taza Alem» және басқа да бағыттар бойынша, барлығы 12 номинация бойынша берілді.⠀
Аудан әкімі Альберт Есалиев еріктілерді мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосқан еріктілерді алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапаттады. БҚО бойынша ҚАЖД Казталов ауданының пробация қызметі «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.⠀
«Қызмет қызметкерлері еріктілер қозғалысына белсенді қатысты, пандемия кезінде олар қарт адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдарға жеке қорғаныс құралдарын таратуды ұйымдастырды. Бұл акцияға пробациялық бақылауда тұрған тұлғалар да қосылды. Сондай-ақ пробация қызметі қызметкерлерінің белсенді қатысуымен сотталғандарға «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша өз ісін ашу кезінде көмек көрсетілді. Айта кету керек, арнайы контингент арасында әртүрлі спорт түрлері мен компьютерлік ойындар бойынша жарыстар ұйымдастыру, айыру орындарынан босатылған сотталғандарға көмек көрсету. Еріктілермен бірлесіп зират аумағын қоқыстан тазалауды ұйымдастырды, сондай – ақ табиғи аумақтарды тазалауға қатысты», - деді БҚО бойынша ҚАЖД ЖБЖБ бастығы әділет майоры Л. К. Ахметқалиева.⠀