Жазасын өтеуші Абдулманап Нургмагамедовтың әдістемесі бойынша балаларды жаттықтырады

Жазасын өтеуші Абдулманап Нургмагамедовтың әдістемесі бойынша балаларды жаттықтырады

Бұқар-Жырау аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сотталғанға өзінің туған ауылында бокс секциясын ашу үшін грант алуына көмек көрсетті.⠀
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Бұқар-Жырау аудандық пробация қызметінің есебінде бокстан спорт шебері, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше рет жүлдегері атанған сотталған тұрады.⠀
«Мен бокспен 7 жасымнан айналыса бастадым, жаттығудан қалмау үшін маған әр кезде ауылдан қалаға баруға тура келетін. Сонымен әртүрлі жарыстарға қатысып, қаланың, облыстың және Қазақстанның чемпионы атандым. Бокстан спорт шебері атағын алдым, соынмен бірге аралас жекпе-жекке де ден қоя бастадым. Бірақ өмірде жолы болмай, жаппай төбелес кезінде мені ұрғанға көшедегі ұрыс тәсілін қолдандым. Бұл маған өмірлік сабақ болды. Қазір тіпті ешкіммен сөз де таластырғым келмейді, қақтығыстан алыс жүруге тырысамын.⠀
Жазда мен өз ауылымда балаларды тегін боксқа жаттықтыра бастадым. Мен өзімнің шәкірттерімді ұлы жаттықтырушы Абудлманап Нурмагамедов жаттықтырғандай жаттықтырамын, олардың күнделіктерін тексеріп қандай да бір жетістіктері болса көтермелеуге тырысамын, сонымен біргеолардың үйренген әдіс-тәсілдерін тек жарыстарда ғана қолдануы туралы сұхбаттар құрып отырамын.⠀
Алғашқыда шәкірттерімді футбол алаңында жаттықтырдым, бірақ уақыт өте келе жаттығуға келгісі келетіндердің саны арта берді. Мен сол кезде мәдениет үйінен бір үй-жайды жалдауға мәжбүр болдым, бірақ спорт құралдарына қаржы жетіспегендіктен мен аудандық пробация қызметіне өтінішпен барып едім», - дейді сотталған Айдар Шайхстанов.⠀
Соған байланысты, пробация қызметі сотталғанға Бұқар-жырау ауданы әкімнінің грантын бөлу жөнінде әлеуметтік құқықтық көмек көрсететін жеке бағдарлама жасап, оны Бұқар-жырау ауданы әкімдігінің жастар ресурсы орталығына жібереді. Комиссияның шешімімен сотталғанның бизнес-жобасы мақұлданып ауыл жастарын қолдау үшін 1 000 000 теңге кәсіпкерлік қызметіне бөлінеді. Бөлінген грантқа жас жаттықтырушы бокста соққылап жаттығатын снаряд, күрес кілемдерін сатып алуды және жаттығуға өз ауылының және жақын орналасқан округтер балаларын барынша көбірек тартуды көздеп отыр.⠀
«Егер есепте тұрған тұлға қоғамға пайда әкелетін іспен айналысатын болса, біз оған әрдайым әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетуге әзірміз. Өйткені көптеген есепте тұрған тұлғалар түзелу жолына түсетіні туралы айтқанымен, оны ісімен дәлелдей алмайды. Біз Айдардың жаттықтырушылық қызметінің жемісті болатынына және оның шәкірттерінің еліміздің чемпиондары болып шығатынына көміл сенеміз», - деп хабарлады Бұқар-жырау аудандық №1 пробация қызметінің бастығы әділет майоры Дулат Жахин.