
Қоныс колониясында Ауғанстан тумасы тамақ дайындайды.
Хайт Мурад Пироз Павлодар облысы бойынша қылмыстық -атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтейді. Алғаш рет ол Қазақстанға 2009 жылы келді.Өзінің айтуы бойынша қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне таң қалады, болашағын осы жерден көріп, тұрақтап қалуға шешім қабылдады.Уақыт өте келе отбасын құрды, мейрамханасын ашты және тамақ дайындауға деген қызығушылығы артты.
Бірақ кәсіпкерлігі көпке созылмады, Пироз ҚР ҚК 190 бабы (алаяқтық) бойынша қылмыс жасап, сот үкімімен бас бостандығынан айыру орнында жасасын өтеуге жіберіледі. Мекемеге келген ауғандық азамат абыржымады және қауіпсіздігі орта мекемесінің асханасында жұмыс істеуге өтініш білдірді. Мекеме қабырғасында жүрген уақытында сотталған өзінің нақты тура жолға түскенін дәлелдеп, сот қаулысы бойынша жазасын әрі қарай өтеу үшін қауіпсіздігі төмен Ап-162/10 мекемесіне ауыстырылды.
Қазіргі кезде Хайд Мурад Пироз мекеме асханасында аспазшылық жұмысын жалғастыруда.Мекеменің медициналық қызметкерлерінің қатаң басшылығымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, басқа сотталғандарды өзінің аспаздық шеберлігімен тәнті етті.
Қазірде мекеменің тәрбие қызметі Пираоздың ісін мерзімінен бұрын босатуға дайындауда, бостандықта оны әйелі мен кішкентай қызы асыға күтуде.