
50 жастағы Александр Скрыль Қарағанды облысының қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде есірткі сатқаны үшін жазасын өтеп жатыр.
Сотталғанға дейін ер адам музыкамен айналысқан, 13 жыл дыбыс инженері болған, сонымен қатар қарағандылықтар арасында Александр өзінің концерттерімен танымал болған және салтанатты іс-шараларда жиі қонақ болған.
Музыкант есірткі заттарын сатқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша 11 жылға сотталды. Александр оның 8 жылын өтеді. Колонияда ол клубтың көркемдік жетекшісі. Бүгінде оның қатысуынсыз бірде-бір концерт өтпейді.
Сотталғанның айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарында ол музыкалық қызметті жалғастыруға үміттенген жоқ. Музыкант мекемеде клубты көргенде шын жүректен таң қалды және қуанды.
Қазір Александр үшінші оң мінез-құлық дәрежесіне ие, музыкалық дағдыларын белсенді дамытады және босатылғаннан кейін дыбыс инженері жұмысын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Колонияда музыка адамды моральдық тұрғыдан қолдайды. Александрдың жетістіктерінің бірі-домбырада ойнау, ол осы өнерді басқа сотталғаннан үйренді.