Атырауда ҚАЖД қызметкеріне бекіре балығымен пара беруге тырысты

Атырауда ҚАЖД қызметкеріне бекіре балығымен пара беруге тырысты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде есепте тұрған адам инспекторға пара беру кезінде ұсталды.
Ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін сот бір жыл мерзімге пробация қызметінде 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа үкім шығарды.
Қайта жасалған қылмыстардың алдын алу және сотталғандар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында пробация қызметі ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген қағидалардың сақталуына және сот үкімінің орындалуына бақылау жүргізеді.
Белгіленген тәртіпті сақтамау салдарын сезіне отырып, ер адам жазасын өтеу жағдайларын елемеді және түнгі уақытта тұрғылықты жеріне келмеді. Бұзушылық үшін жазадан аулақ болғысы келген сотталған пробация қызметкеріне пара беруге тырысты. Пара ретінде ол бекіре тұқымдас балықтардың бір бөлігін әкелді.
Қазіргі уақытта пара берушіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.