
Қарағанды облысының сотталғандар жыл басынан бері жалпы сомасы 115 041 950 теңге талап-арыздарын өтеген.⠀
Бас бостандығынан айыру орындарына түсіп, көптеген сотталғандар жұмысқа орналасуға тырысады. Бұл, негізінен, олардың көпшілігінде сот үкімі бойынша толық өтелуі шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға әсер етуі мүмкін талаптардың болуына байланысты.⠀
Талаптары мен қарыздары жоқ сотталғандар мекеменің өндірістік аймағында жұмыс табуға тырысады. Ақшалай қаражат отбасыларына жіберіледі, осылайша оларға материалдық көмек көрсетіледі. Жалақының бір бөлігі мекеме дүкенінен қажетті заттар мен тамақ сатып алуға жұмсалады.⠀
«Жыл басынан бері 2105 сотталған адам 115 041 950 теңге сомасына талап-арызын өтеген, бұл сома әлдеқайда көп болар еді, коронавирус пандемиясы өз түзетулерін енгізуде. Осыған байланысты өндірістік учаскелердің бір бөлігі шығарылатын өнім көлемін қысқартуға мәжбүр болды. Қарағанды облысы бойынша сотталғандардың 77,2% жұмысқа орналастырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Мейрам Бекжанов.⠀