Қоғамға қарызды қайтару

Қоғамға қарызды қайтару

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің Теміртау қалалық пробация қызметі Теміртау қалалық прокуратурасы және әкімдігімен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қоғамдық жұмыстарды атқару кезінде оларды «Қоғамға қарызды қайтару» жазбасы бар жарықшағылдырғыш жилеттермен қамтамасыз ету жөнінде пилоттық жобаны іске асыруда.⠀
Аталған жобаның жаңалығы қоғамдық жұмыстарды орындау механизмін жетілдіру, сотталғандарға жүктелген міндеттерді сапалы орындату, қылмыстың қайталануының алдын алу болып табылады.⠀
Қоғамдық жұмысты 5-6 адамнан құралған және арнайы жарықшағылдырғыш жилеттермен жабдықталған сотталғандар тобы атқарады, бұл жол үстінде немесе жол шетінде көру мүмкіндігі шектелген жағдайда автомобиль жолдары бойындағы жұмыстарды атқару, көшелер, саяжайлар, скверлер мен басқа да қоғамдық орындарға тазалық жұмыстарын жүргізу кезінде тиімді болып табылады. ⠀
2020ж. 10 айында Теміртау қ. пробация қызметінің есебінен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға тартылған 27 сотталған өткен. Жыл басынан бері 20 сотталған қоғамдық жұмыс атқарған, 7 сотталған жұмысын жалғастыруда.⠀
Негізінен олар көлік құралын масаң күйде жүргізгені, есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдаланғаны, ұсақ-түйек ұрлық мен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып сотталған адамдар.⠀
«Қоғамдық жұмыстар, бұл - адамды өзінің қоғам алдындағы кінәсінен негізгі жұмысынан бос уақытта еңбек етіп арылту жазасы болып табылады. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқару органдары сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларында орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастырады. Үкімнің орындалуын Теміртау қ. пробация қызметінің инспекторлары бақылап отырады», - деп Теміртау қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Әсет Қызылов айтты.⠀
Сотталғандарды «Қоғамға қарызды қайтару» жазбасы бар жарықшағылдырғыш жилеттермен қамтамасыз ету ерікті түрде жүргізіледі.⠀