Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы ҚАЖ ардагерлерін алдағы қарттар күнімен құттықтады

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы ҚАЖ ардагерлерін алдағы қарттар күнімен құттықтады

Жыл сайын департамент басшылығы жүйенің қалыптасуының бастауында тұрған ардагерлерді аралап шығады, бұл жыл да ерекшеленбейді. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов ардагерлерді жеке құттықтап, сыйлықтар мен «ІІО ардагері» белгілерін, сондай-ақ «ІІМ ардагері» эксклюзивті көп реттік маскаларын табыс етті.⠀
- «Дәл осы күні біз еліміздің қылмыстық-атқару жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосқандардың барлығына алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, күш-қуат тілейміз, жақындарыңыз бен туысқандарыңыз сіздерге әрқашан айтарлықтай көңіл бөліп, қамқорлық жасап жүрсін. Сіздерге адал қызметтеріңіз және еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет!»,- деді Әділет Мұстафинов.⠀⠀
Облыстық ҚАЖ ардагерлер ұйымында 500-ден астам адам бар.⠀