Алматы облысының сотталғандары қоқыс жәшіктерін жасап шығаратын болатын⠀

Алматы облысының  сотталғандары қоқыс жәшіктерін жасап шығаратын болатын⠀

Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі жазасын өтеп жатқан адамдар үшін жұмыс орындарын ұлғайту болып табылады. Сотталғандарды тәрбиелеу, олардың қоғамға оралуы және сәтті бейімделуі көптеген факторларға, соның ішінде жұмыспен қамтуға байланысты.⠀
Алматы облысының колонияларында бұл жоспарды барынша іске асыруға тырысады. Мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы серіктестік көпірін нығайту мақсатында келіссөздер жүргізілуде жүргізіліп отырады. Нәтижесінде мекемеде жаңа кәсіпорындар ашылуда. Нарыққа ұсынылатын тауарлар да әртүрлі.⠀
ЛА-155/12 (қауіпсіздігі жоғары) мекемесінде «Q-Recycling» ЖШС сотталғандарға жұмыс орындарын ұсынды, осылайша 11 сотталған жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Кәсіпорынның өндірістік нысаны-бұл сотталғандардың тұрақты жұмысы мен олардың тұрақты табысын білдіретін, нарықта сұранысқа ие қоқыс жәшіктері. Болашақта жұмыс орындарын ұлғайту жоспарлануда.⠀
- «Жалпы, мекемедегі тұлғалардың көпшілігі жұмысқа дайын, бірақ бүгінгі таңда олардың 42% - ы ғана жұмыс істейді. Көптеген сотталғандар адал нан тауып, түзету жолына түскілері келеді, алайда жұмыс орындары тапшы. Осы мәселені назарға ала отырып, осы бағытта жергілікті кәсіпкерлермен кәсіпорындар ашу бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті облыстық ҚАЖД бастығы Серік Әбдікәрімов.⠀