Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылауды жүзеге асыру аясында әзерленді.
Жобада «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына, сондай-ақ «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бейнеқадағалауды жүзеге асыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
Жоба 2021 жылғы 28 мамырда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9059370 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.
