GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
09 октября 2026
📢 Құрметті кәсіпкерлер! Кәсіпкерлік бөлімі төмендегі санаттарға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берілетінін хабарлайды

📢 Құрметті кәсіпкерлер!

Кәсіпкерлік бөлімі төмендегі санаттарға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берілетінін хабарлайды:

🔹 Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер (акцизделетін өнімдерге қатысты қызмет түрлерін қоспағанда);

🔹 «Бір ауыл бір өнім» жобасының жеңімпаздары (үйлестіруші облыстық Кәсіпкерлер палатасы).

Міндетті шарттар: ✅ Қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ы; ✅ Жаңа жұмыс орындарын ашу; ✅ Инвестициялық жоспардың болуы.

Қажетті құжаттар: 📌 Жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама; 📌 ЖК/ЖШС-ның есепшотында қоса қаржыландыруға қажетті қаражаттың бар екенін растайтын банктік үзінді көшірме; 📌 Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін растайтын құжат.

Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болады: Жабдықтар, шикізат және материалдар сатып алу; Материалдық емес активтер мен технологияларды сатып алу; Франшиза сатып алу; Зерттеу жұмыстарын жүргізу.

❌ Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болмайды:

  • Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алу;

  • Жалға алу ақысын төлеу;

  • Қолданылған жабдықтарды сатып алу;

  • Жеңіл автокөлік сатып алу;

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу;

  • Үлестес немесе байланысты тұлғалардан, сондай-ақ жақын туыстардан жабдық сатып алу.
    «KEZEKTE.KZ».

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
27 ноября 2025
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

        Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау туралы жариялайды.

        Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

       Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 – қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

      Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 15 желтоқсанға дейін жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша қабылданады:

       -  «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39, 103 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8(7212) 421505, электрондық пошта мекенжайы: guop_karaganda@mail.ru;;

       -   «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 3-қабат 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (71036) 4-03-32, электрондық пошта: blhop@mail.ru;;

       - «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Приозерск қ., Балқаш көшесі 5, 317-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 71039 53381, электрондық пошта : prio_op@mail.ru;

       -  Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі ММ Саран қ. Жамбыл көш., 67, 108 кабинет. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72137)74030, 74077. opsaran@mail.ru;

       -  «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 9, 3 қабат, сол жақ қанат, 331 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), Байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-47, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru;

       - «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72156)50026, 50234 электрондық пошта: gu_opp@mail.ru;

       - «Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Абай қ., Ә. Молдағұлова көшесі 41, 3 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72131 41991, электрондық пошта abay_opp@mail.ru;

        - «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 87103721634, 87103721327, электрондық пошта aktogai_opp@mail.ru;

  • «Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Ботақара кенті, Қазыбек Би көшесі 50А, 4 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72154 22230, электрондық пошта otdpp@mail.ru;

          - «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (72146) 32080, электрондық пошта мекенжайы: serik_toleubek@mail.ru;

          -   «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Нұра кенті, Абай көшесі, 48. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72144)22126, 8(72144)22497 электрондық пошта opp_nura@mail.ru;

  • «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Осакаров к., Х.Байғабылов көшесі, 48, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 87214942247, электрондық пошта otd_predpr_or@mail.ru;

         - «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау 10, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 7103121-2-14, 50-8-44, электрондық пошта shet_opp@mail.ru;

         - «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13, № 310 кабинет, жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.) қабылданады, телефон 8 (7212) 503875. электрондық пошта oblup@akimat09.kz.

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпарат

         Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                        2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес дайындалды.

         Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-1-бабына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге жәрдемдесетін, осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.

         Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жатады.

         Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеттері:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысуын, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу және осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер көрсетуге жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етуді қамтиды.

         Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік инновациялар деп қоғамда әлеуметтік өзгерістер туғызатын әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге ықпал ететін жаңа идеялар, стратегиялар, технологиялар түсініледі;

2) осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу және олар үшін қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау;

3) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді, оның ішінде осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке еңбегімен қатысуы арқылы нарыққа жылжыту болып табылады.

        Өтінімдерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.

        Мәлімдемелер. жергілікті атқарушы органға түсушілерді арнайы комиссия қарайды.

        Арнайы комиссия – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

        Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді;

        Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:

        бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

        мүгедектігі бар адамдарды;

        мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;

        зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

        балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

        қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);

Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес: 8) екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының                                  7) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтардың өндіретін тауарларын, орындайтын жұмыстарын, көрсететін қызметтерін өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) құрауға тиіс;

       Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:

9) үшінші санаттағы ӘКС – Мүгедектерге арналған, олардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, егер мүгедектер қоғамдық жұмыстарға тартылған, өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрайтынын, ал ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын құрайтынын келесі қызмет түрлеріне сәйкес (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) :

тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша;

      азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге көмек көрсету, күтімді ұйымдастыру жолымен денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету бойынша;

      әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек  көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша;

мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету;

         жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету бойынша;

коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша;

          медициналық техниканы өндіру және (немесе) өткізу бойынша,

протездік-ортопедиялық құралдар, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техникалық құралдар;

мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;

          қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;

мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, ақпарат беру кезінде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жағдайлар жасау бойынша;

Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

          10) төртінші санаттағы ӘКС – Қызметті жүзеге асыратын ӘКС алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жылда алынған таза кірістің үлесі келесі қызмет түрлерінің қатарынан көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайтын:

          отбасын нығайтуға, балалардың отбасылық тәрбиесін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсету бойынша;

          балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;

         мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуында және әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар білім алушылар мен тәрбиеленушілерге Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша;

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың жұмыскерлері мен еріктілерін (волонтерлерін) осындай ұйымдардың қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған оқыту бойынша;

         мәдени-ағарту (оның ішінде жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

         осы Қағидалардың 2-тармағының 7)-10)тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын жүргізу жөніндегі іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізеді.

        Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) осы Қағидалардың 6-9– тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;

3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

         Бірінші санатты ӘКС үшін:

Жеке кәсіпкер немесе ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

         1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;

         2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;

         3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;

         4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;

         5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.        

        Екінші санатты ӘКС үшін:

        ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

         1) ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер осы Қағидаға 5-қосымша;

         2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ағымдағы күнтізбелік     жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш беруші ӘКС -ның екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алған кірістердің үлесі және өтініш беруші алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылда үлесі туралы анықтаманы ұсынады.

        Үшінші санаттағы ӘКС үшін:

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

        1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіршілік-тынысының шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктері мақсатында ӘКС -тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді ӘКС-тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес мұндай азаматтар үшін;

         2) ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш берушінің ӘКС-ның үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан алған табыстарының үлесі және өтініш берушінің алған таза пайдасының үлесі туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша анықтаманы қосымша ұсынады.

        Төртінші санаттағы ӘКС үшін:

ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

        1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер;

        2) ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша ӘКС-ның төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және алдыңғы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға өтініш беруші алған таза пайданың үлесі туралы анықтама, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша көрсетілген пайданың мөлшерінен (алдыңғы күнтізбелік жылда таза пайда болған жағдайда).

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
09 октября 2025
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен "бір ауыл – бір өнім"бағдарламасының финалистері үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ.

         Электрондық пошта мекенжайы: i.beisekova@karaganda-region.gov.kz                                 

         Байланыс телефоны:  8/7212/50-38-73 (ішкі 6324).

         Конкурстың нысанасы:  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері үшін бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.

           Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «KEZEKTE.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау және ұсыну мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу орындары:

Қарағанды қаласының кәсіпкерлері үшін: «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, 103-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: guop_karaganda@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (7212) 421505;

Балқаш қаласының кәсіпкерлері үшін: «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100300, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 11-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: blhop@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71036) 45257, 40332;

Приозерск қаласының кәсіпкерлері үшін: «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101100, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі 5, 317 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: prio_op@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71039) 53381;

Саран қаласының кәсіпкерлері үшін: «Саран қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі 67, 108-кабинет электрондық пошта мекенжайы: sar_predprinimatel@krg.gov.kz; байланыс телефоны: 8 (72137) 74030, 74077;

Теміртау қаласының кәсіпкерлері үшін: «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101400, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 9, 331-кабинет, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru байланыс телефоны: 8 (7213) 410147;

Шахтинск қаласының кәсіпкерлері үшін: «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101600, Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, электрондық пошта мекенжайы: sh_opp@akimat09.kz; байланыс телефоны: 8 (72156) 50026, 50234;

"Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ, пошта индексі 100100, Абай ауданы, Абай қаласы, Ә.Молдағулова көш. 41, кабинет 3. Электрондық пошта: abay_opp@mail.ru байланыс телефоны: 8 (72131) 41991, 40546;

Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері үшін: «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100200, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, электрондық пошта мекенжайы: aktogai_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71037) 21327, 21634;

Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлері үшін: «Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100400, Ботақара кенті, Қазыбек Би көшесі 50А, 1 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: otdpp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72154) 22230;

Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері үшін: «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100800, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: nureke.i82@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72146) 32080, 31996;

Нұра ауданының кәсіпкерлері үшін: «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 100900, Нұра кенті, Абай көшесі 48, 2 кабинеті, электрондық пошта мекенжайы: opp_nura@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72144) 22126, 22497;

Осакаров ауданының кәсіпкерлері үшін: «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101000, Осакаровка кенті,                   Х. Байғабылов көшесі 48, электрондық пошта мекенжайы: otd_predpr_or@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (72149) 42247;

Шет ауданының кәсіпкерлері үшін: «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 10, электрондық пошта мекенжайы: shet_opp@mail.ru; байланыс телефоны: 8 (71031) 21214, 50844.

«Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы және олардың Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы филиалдары.

 Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2025 жылғы "13" қазаннан 2025 жылғы "17" қазанға дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-industry/activities/directions?lang=kk

Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматында сканерленген мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркейді:

       1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

       2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
17 сентября 2025
Қарағанды облысының іскер әйелдер ассоциациясы сіздерді Осакаров ауданының кәсіпкер әйелдерімен кездесуге шақырады.

📢 Кездесуге шақыру!

📅 Күні: 22 қыркүйек
⏰ Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: мұражай ғимараты

Қарағанды облысының іскер әйелдер ассоциациясы сіздерді Осакаров ауданының кәсіпкер әйелдерімен кездесуге шақырады.

💼 Мастер-класс тақырыбы: «Әйелдер кәсіпкерлігі»

Оқиғалардан шабыт алып, сұрақтар қойып, өз ісіңізді дамытуға арналған пайдалы кеңестер алыңыз!

Өнеркәсіп салаларын дамыту
08 сентября 2025
Тау-кен жабдығы, рудалар мен минералдарды өндіру және байыту – Mining & Metals Central Asia көрмесі

2025 жылдың 17–19 қыркүйегі аралығында көрме Алматы қаласындағы "Атакент" Көрме Орталығында өтеді.
Өңірдің басты салалық оқиғасы
Mining & Metals Central Asia – жыл сайын технология жеткізушілерін, жабдық өндірушілерін, мердігерлерді және жер қойнауын пайдаланушы, сервистік және инжинирингтік компаниялардың өкілдерін жинайтын ірі кәсіби алаң.
2025 жылы көрмеге Германия, Қытай, Түркия, Қазақстан, Ресей, Үндістан, Польша, Оңтүстік Корея, Швейцария және басқа 30 елден 500-ден астам компания қатысады.
Көрменің тақырыптары:
• Кен орындарын барлау
• Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары
• Пайдалы қазбаларды байыту
• Пиро және гидрометаллургия
• Металды балқыту және тазарту
• Үгілмелі материалдарды тасымалдау
• Қоршаған ортаны қорғау
• Өнеркәсіптік қауіпсіздік
• Жол және өндірістік құрылыс
30 жылдық ауқым
Биыл көрме алаңы 5 жабық павильон мен ашық экспозицияны қамти отырып, 20 000 м²-ден аса аумақты қамтиды. Қонақтар үшін арнайы мерейтойлық бағдарламалар, тақырыптық турлар мен кеңейтілген іскерлік байланыс мүмкіндіктері ұсынылады.
Іскерлік бағдарлама мен серіктестік кездесулер
Көрме аясында ірі компаниялар, сарапшылар мен аналитиктердің қатысуымен кең көлемді іскерлік бағдарлама өтеді. Негізгі тақырыптар: саланың жаңа сын-тегеуріндері, локализацияны дамыту, ESG, цифрлық технологияларды енгізу және халықаралық әріптестік.
Қалай қатысуға болады
Көрмеге алдын ала тіркелу арқылы келуге болады. Ол үшін mining-metals.kz сайтына кіріп, MMCA2025AK промокодын пайдаланыңыз.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
05 сентября 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шаралар

2025 жылдың қыркүйегіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес "Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп" бөлімінде бөлім қызметкерлері арасында "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" тақырыбында ақпараттықтүсіндіру жұмыстары жүргізілді Бөлімнің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
03 сентября 2025
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау туралы жариялайды.

        Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

       Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 – қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

      Жеке кәсіпкерлерді немесе заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2025 жылдын 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша қабылданады:

       -  «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ, Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39, 103 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8(7212) 421505, электрондық пошта мекенжайы: guop_karaganda@mail.ru;;

       -   «Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі 5, 3-қабат 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (71036) 4-03-32, электрондық пошта: blhop@mail.ru;;

       - «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Приозерск қ., Балқаш көшесі 5, 317-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 71039 53381, электрондық пошта : prio_op@mail.ru;

       -  Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі ММ Саран қ. Жамбыл көш., 67, 108 кабинет. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72137)74030, 74077. opsaran@mail.ru;

       -  «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Теміртау қаласы, Тәуелсіздік Гүлзары, 9, 3 қабат, сол жақ қанат, 331 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), Байланыс телефоны: 8 (7213) 41-01-47, электрондық пошта мекенжайы: gu_tem@mail.ru;

       - «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі 101, 11-кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72156)50026, 50234 электрондық пошта: gu_opp@mail.ru;

       - «Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Абай қ., Ә. Молдағұлова көшесі 41, 3 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72131 41991, электрондық пошта abay_opp@mail.ru;

        - «Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 87103721634, 87103721327, электрондық пошта aktogai_opp@mail.ru;

  • «Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Ботақара кенті, Қазыбек Би көшесі 50А, 4 кабинет, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 72154 22230, электрондық пошта otdpp@mail.ru;

          - «Қарқаралы ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 19, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 8 (72146) 32080, электрондық пошта мекенжайы: serik_toleubek@mail.ru;

          -   «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Нұра кенті, Абай көшесі, 48. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8(72144)22126, 8(72144)22497 электрондық пошта opp_nura@mail.ru;

  • «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

Осакаров к., Х.Байғабылов көшесі, 48, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефоны: 87214942247, электрондық пошта otd_predpr_or@mail.ru;

         - «Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау 10, 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), байланыс телефондары: 8 7103121-2-14, 50-8-44, электрондық пошта shet_opp@mail.ru;

         - «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі, 13, № 306 кабинет, жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.) қабылданады, телефон 8 (7212) 503876. электрондық пошта oblup@akimat09.kz.

Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы ақпарат

         Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.                        2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес дайындалды.

         Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-1-бабына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге жәрдемдесетін, осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.

         Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жатады.

         Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі міндеттері:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік проблемаларды шешуге қатысуын, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды енгізу және осы Кодекстің 79-3-бабында көзделген әлеуметтік қызметтер көрсетуге жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етуді қамтиды.

         Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік инновациялар деп қоғамда әлеуметтік өзгерістер туғызатын әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге ықпал ететін жаңа идеялар, стратегиялар, технологиялар түсініледі;

2) осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу және олар үшін қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау;

3) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері өндіретін, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді, оның ішінде осы Кодекстің 79-3-бабында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарының жеке еңбегімен қатысуы арқылы нарыққа жылжыту болып табылады.

        Өтінімдерді қабылдау жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша елді мекенде жүзеге асырылады.

        Мәлімдемелер. жергілікті атқарушы органға түсушілерді арнайы комиссия қарайды.

        Арнайы комиссия – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік одақтардың өкілдері қатарынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

        Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ӘКС) – тізілімге енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мынадай санаттарға бөлінеді;

        Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес:

        бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

        мүгедектігі бар адамдарды;

        мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;

        зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

        балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

        қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);

Қағидалардың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес: 8) екінші санаттағы ӘКС – осы Қағидалардың 2-тармағының                                  7) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтардың өндіретін тауарларын, орындайтын жұмыстарын, көрсететін қызметтерін өткізуге ықпал ететін ӘКС. Бұл ретте алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын (алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде таза кіріс болған жағдайда) құрауға тиіс;

       Қағидалардың 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес:

9) үшінші санаттағы ӘКС – Мүгедектерге арналған, олардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау мақсатында, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген өзге де адамдарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында, егер мүгедектер қоғамдық жұмыстарға тартылған, өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түскен кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрайтынын, ал ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде алынған таза кірістің үлесі көрсетілген кіріс мөлшерінің кемінде елу пайызын құрайтынын келесі қызмет түрлеріне сәйкес (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) :

тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша;

      азаматтардың денсаулық жағдайының өзгеруін анықтау үшін жүйелі бақылау, сауықтыру іс-шараларын жүргізуге көмек көрсету, күтімді ұйымдастыру жолымен денсаулықты сақтауға және қолдауға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсету бойынша;

      әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзетуге көмек  көрсетуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету бойынша;

мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді көрсету;

         жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге байланысты өзге де проблемаларды шешуге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету бойынша;

коммуникативтік әлеуетті арттыруды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді көздейтін қызметтерді, әлеуметтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша;

          медициналық техниканы өндіру және (немесе) өткізу бойынша,

протездік-ортопедиялық құралдар, цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ аурулардың профилактикасы, мүгедектерді оңалту, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық абилитациялау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін техникалық құралдар;

мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;

          қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;

мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдалану, ақпарат беру кезінде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету бойынша жағдайлар жасау бойынша;

Қағидалардың 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:

          10) төртінші санаттағы ӘКС – Қызметті жүзеге асыратын ӘКС алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан түсетін кірістердің үлесі ӘКС кірістерінің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын, ал осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) ағымдағы күнтізбелік жылда жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жылда алынған таза кірістің үлесі келесі қызмет түрлерінің қатарынан көрсетілген кіріс мөлшерінің (алдыңғы күнтізбелік жылда таза кіріс болған жағдайда) кемінде елу пайызын құрайтын:

          отбасын нығайтуға, балалардың отбасылық тәрбиесін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсету бойынша;

          балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша;

         мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруде, дамуында және әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар білім алушылар мен тәрбиеленушілерге Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша;

әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың жұмыскерлері мен еріктілерін (волонтерлерін) осындай ұйымдардың қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған оқыту бойынша;

         мәдени-ағарту (оның ішінде жеке музейлердің, театрлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың, мектеп-студиялардың, шығармашылық шеберханалардың, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, мәдениет үйлерінің, халық шығармашылығы үйлерінің қызметі);

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі;

         осы Қағидалардың 2-тармағының 7)-10)тармақшаларында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық және ұзақ өмір сүру орталықтарын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын жүргізу жөніндегі іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізеді.

        Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша өтініштер беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) осы Қағидалардың 6-9– тармақтарында көрсетілген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны Тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай;

3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

         Бірінші санатты ӘКС үшін:

Жеке кәсіпкер немесе ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

         1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;

         2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;

         3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;

         4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;

         5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.        

        Екінші санатты ӘКС үшін:

        ӘКС екінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

         1) ӘКС бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу туралы мәліметтер осы Қағидаға 5-қосымша;

         2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ағымдағы күнтізбелік     жылы осындай қызметті жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш беруші ӘКС -ның екінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алған кірістердің үлесі және өтініш беруші алған таза пайданың ағымдағы күнтізбелік жылда үлесі туралы анықтаманы ұсынады.

        Үшінші санаттағы ӘКС үшін:

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ӘКС үшінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

        1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіршілік-тынысының шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, сондай-ақ қоғам өміріне басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктері мақсатында ӘКС -тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген санаттар қатарындағы азаматтарға арналған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді ӘКС-тың үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызмет бағыттарына сәйкес мұндай азаматтар үшін;

         2) ағымдағы күнтізбелік жылы осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі кірістердің жалпы көлеміндегі алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша өтініш берушінің ӘКС-ның үшінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан алған табыстарының үлесі және өтініш берушінің алған таза пайдасының үлесі туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша анықтаманы қосымша ұсынады.

        Төртінші санаттағы ӘКС үшін:

ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына ұсынады:

        1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және ӘКС-тың төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер;

        2) ағымдағы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға бағытталған, алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша ӘКС-ның төртінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асырудан өтініш беруші алған кірістердің үлесі және алдыңғы күнтізбелік жылда осындай қызметті (осындай қызмет түрлерін) жүзеге асыруға өтініш беруші алған таза пайданың үлесі туралы анықтама, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша көрсетілген пайданың мөлшерінен (алдыңғы күнтізбелік жылда таза пайда болған жағдайда).

Өнеркәсіп салаларын дамыту
19 августа 2025
Жылыту маусымына дайындық

Құрметті  Осакаров ауданының тұрғындары!
«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына байланысты көмірді алдын ала сатып алу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Аудан аумағында көмір сатумен екі көмір тұйығы айналысады, олар «Диқан» ЖШС және ЖК «Калараш».
«Диқан ЖШС көмір бағасы: Шұбаркөл (18 500 теңге), Борлы (10 500 теңге), Майкөбе (19 000 теңге), және т.б. көмір түрлері бар. «Диқан» ЖСШ Осакаровка кенті, Сарыбұлақ көшесі,13/1 мекен-жайы бойынша орналасқан. тел: 8(72149)51975.
ЖК «Калараш» көмір бағасы: Борлы (10 000 теңге), Қаражар (21 000 теңге) және т.б. көмір түрлері бар.
«Калараш» ЖК Осакаровка кенті, Сельхозснабская көшесі, 2а мекен-жайы бойынша орналасқан, тел: 8(72149)51975.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
04 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы

«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспариялайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізілді:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, ниет білдірген барлық тұлғаларды Осакаровка кенті, Х. Байғабылов көшесі, 48 мекен-жайы бойынша осы талқылауға қатысуға шақырамыз

Кәсіпкерлік қызметті дамыту
04 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2.4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес          «Осакаров ауданының  кәсіпкерлік және  өнеркәсіптік бөлімі» ММ қызметінде 2024 жылға келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

-талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұсыныстар бойынша келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 8 (72149) 42247  Сагатбек Гүлдана

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы