Осакаров аудандық мәслихатының «Осакаров ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» ШЕШІМІ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

Осакаров аудандық мәслихатының «Осакаров ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы  салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»

шешімі жобаСЫна  баспасөз релиз

 

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес шешім жобасы (бұдан әрі-Жоба) әзірленді.

Осы Шешімді қабылдаудың мақсаты Осакаров ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы  салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету болып табылады.

Шешім қаржылық шығындарды қамтымайды.

Осакаров аудандық мәслихатының шешімі жобасы 2025 жылғы 07 қарашада Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Шешім жобасы 10 жұмыс күні ішінде жария талқылауда болады. Аудан тұрғындары, сондай-ақ мүдделі тараптар құжаттың жобасымен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін жібере алады.

Мәслихат шешімін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 ноября 2025