Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65 «Бөлшек cалықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы Осакаров ауданы мәслихатының ШЕШІМІ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65

«Бөлшек cалықтың  арнаулы салық  режимін қолдану кезінде салық

мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды

деп тану туралы Осакаров ауданы мәслихатының

шешімі жобаСЫна  баспасөз релиз

 

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес шешім жобасы (бұдан әрі-Жоба) әзірленді.

Осы Шешімді қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуіне байланысты «Бөлшек cалықтың  арнаулы салық  режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/65 шешімінің күші жойылды деп тану болып табылады.

Шешім қаржылық шығындарды қамтымайды.

Осакаров аудандық мәслихатының шешімі жобасы 2025 жылғы 07 қарашада Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Шешім жобасы 10 жұмыс күні ішінде жария талқылауда болады. Аудан тұрғындары, сондай-ақ мүдделі тараптар құжаттың жобасымен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін жібере алады.

Мәслихат шешімін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15686470

Дата публикации
07 ноября 2025