«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 

«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 

 Осакаровка к.                                                                         2025 жылғы 23 маусым                                                                                                                                 

         Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, ҚР Кәсіпкерлік кодексін, ҚР Бюджет кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы»  ҚР Заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 17/01 қаулысымен бекітілген бөлімнің Ережесін басшылыққа алады.

 «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

Бөлім қызметінде заңнаманы сақтауда бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Бөлім басшысының барлық шешімдері, тапсырмалары мен іс-әрекеттері қолданыстағы заңнама нормаларын сақтай отырып қабылданады. Бөлім мамандары басшының тапсырмаларын орындауды заң нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіру фактілері жоқ.

Мемлекеттік органның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленбеген.

 

 

 

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1) Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау

 

Бөлімнің штаты 3 адамды құрайды, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша штат  100 % - ға жасақталған.

Талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің, «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың жеке мүдделері арасында қайшылықтар анықталған жоқ. Жұмыстан босату, кадрлардың ауысуы байқалмайды. Қолданыстағы заңнамада лауазымды тұлғалар үшін белгіленген бұзушылықтар, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар анықталған жоқ.

Қолданыстағы заңнаманы бұзу, «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ қызметкерлері тарапынан әрекет және әрекетсіздік мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралды. Азаматтардың өтініштері бойынша бөлімнің қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ. Бөлімде өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған жоқ.

 

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

 

Жұмысқа қабылдау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. Тікелей бағыныстағы мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық қатынастардың болуы жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық анықталмады.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер сақталады.

 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету

 

Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру

 

Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 17/01 қаулысымен бекітілген «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі»  мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

 

 

 

5) Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 

2015 жылы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізді. Бақылау барысында анықталған барлық бұзушылықтар жойылды.

Бөлімге қатысты сот актілері жүргізілген жоқ. Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актілері жүргізілген жоқ.

 

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

 

Бөлімде екі бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. Бюджеттік бағдарламалар бойынша игеру 100%  құрады.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық түрде мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында жүзеге асырылады, бұл оларды өткізу кезінде ықтимал тәуекелдерді айтарлықтай азайтады. Мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуды қайта қарау немесе жою фактілері болған жоқ. Өнім берушінің тауарды жеткізу, жұмыстар мен қызметтерді көрсету шартынан туындайтын міндеттемелер уақытылы және сапалы орындалды.

Салықтар мен өзге де төлемдер уақытылы жүргізіледі.

Есептер тиісті органдарға (статистика басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі) тапсырылады. Олар талдау мен мониторинг жүргізеді. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бюджет қаражатын игеру және бөлу рәсімдерін бақылауды жүзеге асырады. Барлық есептер тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген стандартты нысандар бойынша тапсырылады. Бюджет және қаржы қаражатының шығыстары тұрақты негізде egov.kz. ашық бюджеттердің интерактивті картасы сайтта орналастырылады. Барлық тауарлар мен қызметтер белгіленген нормативтер бойынша қажеттілікке сәйкес сатып алынады. Шарттар жасасу конкурста жеңіске жеткен өнім берушімен жүргізіледі. Аффилиирленген компаниялар жоқ. Шарттарда сыбайлас жемқорлық туралы ескертулер жоқ.

 

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

 

Бөлімдегі штаттан тыс жұмысшылар жиынтығы үш бірлікті құрайды. Барлық қызметкерлермен еңбек шарттары жасалды, онда еңбек жағдайлары, жалақы, құқықтар, міндеттер және т.б. қарастырылды.

Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, екі данада жасалады, олардың әрқайсысына тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы қызметкерге беріледі, екіншісі жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының данасын алуы жұмыс берушіде сақталатын еңбек шартының данасында қызметкердің қолымен расталады.

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

 

«Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» ММ келесідей ақпараттық жүйелер орнатылған: ОБДҚ («Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі» ААЖ пайдалану жөніндегі есеп), МО («Халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға мониторингі» ААЖ пайдалану жөніндегі есеп (ТНП), РПК («Өңірлік болжамды карта» ААЖ пайдалану жөніндегі есеп).

 

Жыл сайын ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтеріне шарттар жасалады. Өнім берушілердің жұмысы шарттық міндеттемелерге сәйкес сапалы және уақытылы жүргізіледі. Шарттар бойынша игеру 100% құрайды.

 

9) Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

             Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 17/01 қаулысымен бекітілген «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіптік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес Бөлім өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер түрінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылатын болады.

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жергілікті атқарушы орган жарты жылға қалыптастыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.

Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

Бақылау-қадағалау функциялары енгізілген сәттен бастап тексерулер тұтынушылар тарапынан шағымдардың болмауына  жүзеге асырылмады.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Бұл ретте ол ұсынымдар әзірледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныстар:

 

- Қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары шеңберінде семинарлар, дөңгелек үстелдер және жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізу практикасын жалғастыру;

- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету.

 

 

 

     «Осакаров ауданының

     кәсіпкерлік және өнеркәсіптік

     бөлімі» ММ басшысының м.а.                                                  Г.Сагатбек                                                                 

 

 

 

Дата публикации
04 июля 2025