Бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді мемлекеттік қолдау шарасы жүзеге асырылады.
Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген қағидалар негізінде ұсынылады.
Құжаттарды «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп жөніндегі өңірлік Үйлестіру Кеңесінің құрамын бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі XVII сессиясының № 200 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі XVI сессиясының № 200 шешімімен бекітілген Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 43/05 қаулысымен бекітілген өңірлік үйлестіру кеңесі қарайды.
2024 жылы өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы инвестиция сомасы 2 млрд.892 млн. теңге, жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу сомасы 129,4 млн. теңгеге «Қазметкокс» ЖШС және «Ushtobe Qus» ЖШС 2 жобасы мақұлданды.