Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды дәйекті түрде сүйемелдеп келеді.
Осы жұмыс шеңберінде Бас прокуратура 2022 жылдан бастап тазарту құрылысы зауытын салу жобасын іске асырып келе жатқан «TAZAU» ЖШС инвесторының проблемасын анықтады.
Бұл серіктестік - сыртқы инженерлік желілерге, шаруашылық-тұрмыстық, жер үсті және өндірістік сарқынды суларға арналған тазарту құрылыстарына арналған өнімдердің отандық өндірушісі.
Жоғары қадағалау органы қызметкерлерінің жеке қабылдауы барысында инвестор қажетті электр қуатының жоқтығы салдарынан электр энергиясына қосылу мүмкіндігінің болмағанын, нәтижесінде жобаны аяқтай алмағанын хабарлаған.
Өңірлік электр желілік компанияға жүгіну нәтиже бермеді.
Бас прокуратураның «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңның ережелері түсіндірілген хатынан кейін инвесторға техникалық шарттар берілді.
Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінгі таңда прокурорлар 1 мыңнан астам инвестордың 640 проблемалық кейстерін шешті.
Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі